Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Ерікті қоныс аударған кезде мемлекет қандай қолдау көрсетеді?

 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

көшуге материалдық көмек беру;

үйді жалдау және коммуналдық қызметтер үшін төлеу бойынша шығындарды өтеу;

техникалық және кәсіптік біліммен, қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік курстарға оқуға жолдау;

жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелеріне көшуге материалдық көмек беріледі – бір жолғы 35 АЕК мөлшерінде үйдің иесіне және отбасының әр мүшесіне (88375 теңге бір адамға).

Бағдарламаға қатысушының отбасына, соның ішінде жалғыз бастыларға, үйді жалдау және коммуналдық қызметтер үшін төлеу бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмек көрсетіледі – ай сайын, он екі ай бойы келесі мөлшерлерде:

қалалық мекенге қоныс аударғандар үшін:

1) бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде (айына 50500 теңге);

2) отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болғанда 25 АЕК мөлшерінде (айына 63125 теңге);

3) отбасы мүшелерінің саны бес және одан артық болғанда 30 АЕК мөлшерінде (айына 75750 теңге). 

Ағымдағы жылы Павлодар қаласына құрамында 52 адам бар 11 отбасы көшіп келді. Бағдарлама бойынша көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 13,8 млн. теңгені құрады.

Бағдарламаға қатысушылардың ерікті қоныс аударуы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аймақаралық қоныс аудару – еңбек күші мол облыстардан еңбек күші жетпейтін облыстарға.

Кететін аймақтар болып анықталғандар: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы.

2) облыс ішінде қоныс аудару – төмен экономикалық даму әлеуетімен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі болған кезде экономикалық өсу мекендеріне.

Ерікті аймақаралық қоныс аударуда басымдықтарға ие болғандар:

- жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, соның ішінде он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы аясындағы түлектер;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарының түлектері оқу мекемесін аяқтағаннан кейін үш жыл бойы;

3) заңды тұлға-жұмыс берушінің жабылуына немесе жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметін тоқтатуына, жұмыскерлер саны немесе штатынының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының төмендеуіне әкелген өндіріс және атқарылатын жұмыс пен қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты бос қалған адамдар;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз көлемінде квотамен белгіленген қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастары қатарынан түлектер.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарынан және белгіленген квота аясында қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастарынан түлектер, сондай-ақ оралмандар кететін аймаққа/мемлекетке қарамастан ерікті аймақаралық қоныс аударуға қатысады.

Кететін аймақтардан қабылдау аймақтарына ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу:

1) мемлекеттік қызметшілерге;

2) МК ҚР 01-2005 машықтар классификаторының тоғызыншы тобына жататын төмен білікті жұмысшыларға;

3) МК ҚР 01-2005 машықтар классификаторының бірінші тобына жататын басшыларға жүргізілмейді.

Бағдарламаға қатысу үшін Павлодар қаласы, Бектуров көшесі, 115 Б мекенжайы бойынша «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталағы» КММ-не жүгіну қажет.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.

 

Бағдарлама туралы 

Нәтижелі жұмыспен қaмтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.

Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады. 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатусышыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың түрлі санаттарын, соның ішінде мектеп түлектерін, жұмыссыздарды, жастарды, өзін өзі жұмыспен қамтушыларды және қысқартылған жұмыскерлерді жаппай оқытуды көздейді. Бұл бағыт екі компененттен тұрады:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (оқыту ұзақтылығы  2,5 жылға дейін);

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (оқыту ұзақтылығы 1 -ден 6 айға дейін).

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарлама қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар және халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгендігіне қарамастан жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтушылар және қысқартылған жұмыскерлер болып табылады. 

Бірінші бағыттың қатысушылары, бір реттік ыстық тамақпен (ТжКБ), стипендиямен (16 759 тг), жол жүру ақысымен мен тұруға арналған  материалдық көмекпен  қамтамасыз етіледі.

Материалдық көмек мынадай көлемде көрсетіледі:

1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 АЕК  мөлшерінде жол жүруге материалдық көмек беріледі;

2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарды 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.

Оқығысы келген үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Бірінші бағыт бойынша қатысу үшін қажетті құжаттар:

қатысуға өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат;

білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан өткенін растаййтын құжаттар (куәлік, сертификат), болған жағдайда;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (болған жағдайда);

жолдама.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Үміткерлер  тікелей не «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары/ауыл округтарының және елді мекендердің, қалалар мен қалалары құрамындағы аудандардың әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары жоқ мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатысуға, ал сертификаттары бар үміткерлер  МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ, МҚҰ/ЕДБ жолданады..

Екінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау түрлері «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»

жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу.

кредиттерв/микрокредиттер ұсыну.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Егер сіз жеке бизнесті алғашқы рет ашатын болсаңыз, онда мемлекет сізге көмек ретінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды жүргізеді («Бастау бизнес» жобасы шеңберінде немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде).

Кәсіпкерлік  негіздеріне оқытуға сондай-ақ, бизнес жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу кіреді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйым тұрақты мекенжайынан тыс орналасқан жағдайда, Бағдарламаның қатысушыларына тұруға және жол жүруге материалдық көмек төленеді. 

Кредитті/микрокредитті беру

Кредит/микрокредит кепілдік негізде ұсынылады және тек ұйым үшін немесе өз ісін кеңейту үшін беріледі. Кредит/микрокредиттер тұтынушылық мақсатта, бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизді өнімді шығаруға берілмейді.   

Кредитті/микрокредитті беру шарттары

Бағдарламаның қатысушыларына кредиттерді/микрокредиттерді беру шарттары:

кредит/микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейін);

кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 000 АЕК дейін;

номиналды сыйқы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Кредитті/микрокредитті алу үшін қажетті құжаттар:   

өтініш;

жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);

бизнес-жоспар;

қызмет көрсетуші банктен шоттың бар болуы туралы анықтамалар;

қаржы ұйымдарынан қарыз берешегі, соның ішінде мерзімі өткен берешегі болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған жағдайда);

қарыз алушының еңбекақысын және/немесе өзге табыстарын растайтын құжат;

бағалау туралы есеп;

кепіл беруші және кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың көшірмелері;

кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткені туралы   (тек жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін).

Үшінші бағыт Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Осы бағыт азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруда атаулы көмек көрсетуді күшейтуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды және еңбек нырығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді.   

Осы бағыт бойынша Бағдарлама қатысушыларына мынадай мүмкіндіктер ұсынылады:

деректер қорында бар бос жұмыс орындарға орналастыру;

уақытша жұмыс орындарына орналастыру.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыс орындарын үлестірген кезде осы жұмыс орны 12 айдан көп емес мерзімге барлық қажетті аударымдарды ескере отырып мемлекет тарапынан ішінара субсидиялауды көздейтінін есте сақтаңыз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Жастар практикасы   

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен төленетін еңбекақысы айына 25 АЕК құрайды 

Қоғамдық жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен олардың өтінімі бойынша қаржыландырылады   

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздар;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер  және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар құқылы.

Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар пркатикасына, қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін қажетті құжаттар: 

қатысуға өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);

еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан өткенін растаййтын құжаттар   (куәлік, сертификат), болған жағдайда;

техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары  және жоғарыдан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі  (ЖП үшін);

толық емес жұмыс уақыты не ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы, немесе жұмыстың мәжбүрлі тоқтап қалуы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыс туралы жұмыс берушінің акті (жұмыспен ішінара қамтылған жалданатын қызметкерлер үшін) (ҚЖ үшін);

оқу орнынан каникулда болуы туралы анықтама (ҚЖ үшін).

Жұмысқа орналасуға ниет білдірген үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. 

Еңбек ресуртарының ұтқырлығын арттыру 

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру:

жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері);

бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған жағдайда экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға жүзеге асырылады.

Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын 4 өңірді (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) және 5 қоныс шығу өңірін (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) белгіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау  мынадай субсидиялар беруді қамтиды:

көшу (25 АЕК - бір облыс шегінде көшуге арналған субсидия  немесе 35 АЕК – қоныстану өңірлеріне қоныс аударғандарға);

тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай бойы ай сайын (15-20 АЕК - ауылдық жерлерге қоныс аударушылар үшін  немесе 20-30 АЕК - қалалық жерге қоныс аударғандар үшін).

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған  адамдар тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

қатысуға өтініш;

Қазақстан Республикасы азаматының оралманның жеке басын куәландыратын  құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

еңбек кітапшасының (болған жағдайда) көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама;

оралмандар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №20 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша оралмандарды өңірлік қабылдау квотасына енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі    

келісу нәтижелері


«2017-2021 жылдарға арналған  нәтижелі жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Енбек» бағдарламасының 2019 жылғы 1 сәуір айындағы  жағдай бойынша  жүзеге асуы ақпараты.

Жұмыссыздарды және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, халықты жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтамасыз етудің жалпы қалпы 2019 жылға  8332 адамды құрайды. 2019 жылдың 1 сәуір  айындағы жағдай бойынша, 1911 адам немесе 22,9%  мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. 

Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 2239 адам өтініш білдірді.

Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 219 мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмыспен қамтылған. Тұрақты жұмыс орнына- 33 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға - 174 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға - 7 адам орналастырылды, жастар тәжірибесін өтуге 2 адам және кәсіби оқытуға 3 адам жіберілді.

Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін  қарастырады.

1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-354 адам)

2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-545 адам)

Бірінші бағыт шеңберінде, 30 мамандық бойынша 79 қатысушы яғни жоспардың 13,5 % жіберілген.

4 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды (тізім бекітілген). 2019 жылға- 75,4 млн.теңге бөлінді.

Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  (микроқаржыландыру).

Биылғы жылғы жоспарға сәйкес, микрокронесие  беру жоспары 33 адамды құрайды.

Бастау Бизнес жобасы шкеңберінде 110 қатысушыны оқыту жоспарлануда.       

Нәтижелі жұмыспен  қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Енбек» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылғы 25 қаңтардағы аймақтық комиссия шешіміне сәйкес, Павлодар қаласы бойынша 376,7 млн.теңге сомасында лимиттер бөлінге. Соның ішінде, 41,7 млн.теңге сомасы ауылдық аймақтарға бөлінген.

«Сонымен қатар, «Даму кәсіпкерлікті дамыту фонды» АҚ  екінші деңгейлі банктермен келісім жасасты.

             - АҚ «АТФ Банк»;

             - АҚ «Банк Центр Кредит»;

             - АҚ «Халық Банк»

             - АҚ «Сбербанк».

             2019 жылы 2018 жылғы қаражат есебінен 63,6 млн. теңге сомасына 6 микронесие берілген.

             -өз ісін кеңейту үшін 16,0 млн.теңге сомасына 2 несие;

             -өз ісін ашу үшін 9,0 млн.теңге сомасына 1 несие;

             -стартап жобалары шеңберінде 38,6 млн.теңге сомасында 3 жоба.

Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:

1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылдың 1 сәуір айындағы жағдай бойынша, 1375 кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 2900 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 1262 адам орналастырылды.

2)  Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 311 адам, соның ішінде:

             -ЖБ есебінен- 180 адам.

             -РБ есебінен- 131 адам.

             Ағымдағы жылдың 1 сәуір  айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-121 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 15 адам, ЖБ -106 адам.

3)  Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 270 адам, соның ішінде;

             - РБ есебінен- 174 адам;

             - ЖБ есебінен- 96 адам.

Ағымдағы жылдың 1 сәуір айындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесі шеңберінде ұйымдастырылған жұмыс орындарға  52 түлек жіберілді. Соның ішінде, РБ-10 адам, ЖБ-42 адам.

4)   Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 606 адамға 117 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. 2018 жылдың 1 сәуір айындағы жағдай бойынша,  364 адам қатысуға жіберілді,

Сондай-ақ, биылғы жылы Бағдарлама бойынша этникалық қазақтардың «Оралмандардын» көшуіне,  құрамы 180 адамнан тұратын 45 отбасыға субсидияберу көзделуде.Соның ішінде, 120 адам құрамымен 30 отбасы қоныс аударушылар болып табылады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуір айындағы  жағдай бойынша құрамы 48 адамнан тұратын 10 отбасы қоныс аударған. Оның ішінде, 26 адам құрамымен 6 отбасы қоныс аударушылар болса, 22 адам құрамымен 4 отбасы оралмандар.

2019 жылғы 1 сәуір айындағы  жағдай бойынша, атаулы әлеуметтік көмек көрсету аясында, 1707 адам құрамындағы 423 отбасыға атаулы көмек көрсетілді. Оның ішінде, АӘК  көмек алушылар 1642 адам құрамымен 407 отбасы, Шартты ақшалай көмек алушылар – 672  адам құрамымен 126 отбасы, Шартсыз ақашалай көмек алушылар- 970 адам құрамымен 283 отбасы

Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде(БАҚ, жергілікті тележарна, қалалық көлік бейнежазбалары, әлеуметтік желілер).

Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.



Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Павлодар облысының аудандары мен моноқалаларында "Бастау Бизнес" оқыту жобасы іске асырылуда»

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы "Бастау Бизнес"жобасы бойынша оқуға ниет білдірушілер үшін екінші лек алуға өтінімдер қабылдайды. Жоба Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өз бетінше жұмыспен айналысушылар болып табылады.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған жобаға қатысушылар бір жолғы стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына мынадай құжаттарды: жеке куәліктің көшірмесін, мекенжай анықтамасын және өтінішті ұсына отырып өтініш береді. Тестілеу 2019 жылдың 22 сәуірінде өтеді. Оқыту 2019 жылдың 25 сәуірінде басталады.

 

АКП филиалының мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, тел.87182660311 (ішкі 5560) 

Өтінімдерді Аймақтық Кәсіпкерлер палатасына мына мекен-жай бойынша қалдыруға болады:  Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама телефоны 66-03-11, ішкі. 5554,5560


«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын іске асыру туралы 2018 жылғы 1 желтоқсанға арналған ақпарат

Жұмыссыздарды және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, халықты жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтамасыз етудің жалпы қалпы 2018 жылғы 7295 адамды құрайды. 2018 жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, 8392адам немесе 115,0% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 7661 адам өтініш білдірді.

Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 397 мүмкіндігі шектеулі адамдар өтініш білдірді. Тұрақты жұмыс орнына-174 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыс орындарына -170 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына-23 адам орналастырылды, жастар тәжірибесіне 12 адам, кәсіби оқытуға 17 адам және «Бизнес бастау» жобасымен 1 адам қамтамасыз етілді.

Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:

  1. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша«Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады.

1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-232 адам)

2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-545 адам)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқытуға 30 оқу орны анықталды, оқытуға 579 қатысушы немесе 106,2 % жіберілді. Мерзімнен бұрын 43 адам аяқтаған болатын, оның ішінде, 28 адам жұмысқа орналастырылған, 6 адам обьективті себептермен. Ағымдағы жылы 390 адам аяқтаған болатын, оның 265 адамы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды.Қалған жұмыссыз азаматтар бүгінгі күні жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған.

9 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды. 2018 жылға-62,6 млн.теңге , есеп мерзіміне –58,4 млн. теңге бөлінді және игерілді.

  1. Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (микроқаржыландыру).

Биылғы жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспарына сәйкес, микронесие беру жоспары 28 адамды құрайды.

Сонымен қатар, «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, 30 бағдарлама қатысушысы оқытуды өтті.

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек»бағдарламасын іске асыру мақсатында, Павлодар қаласы бойынша 124,5 млн.тенге көлемінде микрокредит лимиті бөлінген, соның ішінде аймақтық несиелеу сомасы 27,3 млн. теңгені құрайды.

Қазіргі кезде Жұмыспен қамту орталығына 98 үміткер өтініш білдірген болатын, соның ішінде, 15 үміткерге 190,3 млн.теңге сомасында.

  1. Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:

1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, 1121кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 2791 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 2895 адам орналастырылды.

2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 370 адам, соның ішінде:

-ЖБ есебінен- 31,8млн. теңге сомасына 170 адам.

-РБ есебінен- 31,1 млн. теңге сомасына 85 адам.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-373 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 169 адам, ЖБ -204 адам. 61,4 млн.теңге немесе 100% игерілді.

3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 255 адам, соның ішінде;

- РБ есебінен-31,8 млн. теңге сомасына170 адам;

- ЖБ есебінен-31,1 млн. теңге сомасына85 адам.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесі шеңберінде ұйымдастырылған жұмыс орындарға 270 түлек жіберілді. Соның ішінде, РБ-153 адам, ЖБ-117 адам. . 61,4 млн. теңге немесе 100% игерілді.

4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 500 адамға 129,1 млн. теңге бөлінді. 128 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. 2018 жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, 580 адам қатысуға жіберілді, 129,1 млн. теңге немесе 100% игерілді.

Сондай-ақ, биылғы жылы Бағдарлама бойынша этникалық қазақтардың «Оралмандар мен қоныстанушылар» көшуіне, құрамы 164 адамнан тұратын 41 отбасыға 13,9 млн. теңге сомасында субсидиялау бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдайы бойынша құрамы 198 адамнан тұратын 43 отбасына 11,5 млн. теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия төленген. (Ресей - 2 отбасы, Өзбекстан - 3 отбасы, Қытай - 8 отбасы, Моңғолия - 7 отбасы, ОҚО - 23 отбасы). Субсидияның мөлшері - 35 АЕК (2018 жылға АЕК - 2405 теңге) немесе отбасы мүшесіне 84175 теңге.

Аймақтық квотаға кірген оралмандар мен қоныстанушылар үшін, құрамы 164 адамнан тұратын 41 отбасыға 20,1 млн. теңге коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындары үшін субсидия төленген.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсан айындағы жағдай бойынша, коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындарын өтеу үшін құрамы 102 адамнан тұратын 51 отбасыға 17,2млн. теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия төленген.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету шеңберінде 01 желтоқсан айындағы жағдай бойынша 473 отбасы (жоспар-312 отбасы) 1829 адам қамтылған. Оның ішінде, шартты ақшалай көмек- 212 отбасы 998 адам, шартсыз ақшалай көмек-261 отбасы 831 адам. 389 адам құрамындағы 103 отбасыға көмек беруге бас тартылды. 84,1 немесе 100 % иеленді.

Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде(БАҚ, жергілікті тележарна, қалалық көлік бейнежазбалары, әлеуметтік желілер)


 

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 2018 жылғы 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша жүзеге асуы ақпараты.

2017 жылға арналған «Жұмыспен қамту бағдарламасы» 002 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты 339750,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен аударымдар 62540,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 277210,0 мың теңгені құрайды. 339356,0 мың теңге 99,9% немесе игерілген.

Жұмыссыздарды және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, халықты жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтамасыз етудің жалпы қалпы 2017 жылға 6683 адамды құрайды. 2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, 7704 адам немесе 115,3% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 9251 адам өтініш білдірді.

Жұмыспен қамту орталығында 2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздар саны - 1368 адам.

Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 456 мүмкіндігі шектеулі адамдар өтініш білдірді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 456 адам қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмыс орнына-210 адам орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға -214 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға-10 адам орналастырылды, жастар тәжірибесін өтуге 7 адам және кәсіби оқытуға 15 адам жіберілді.

Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады.

1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-231 адам)

2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-553 адам)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберіде шеңберінде, кәсіби және техникалық білімді іске асыру үшін аймақтық комиссия мүшелерімен 11 оқу орны анықталды, оқыту 19 мамандық бойынша 1 қырқүйек айынан оқыту басталды, жұмысқа қабылдау жоспары-231 қатысушы.

Қалалық комиссия мүшелерімен техникалық және кәсіби оқытумен қамтылған 232 қатысушының- 9,11 сынып түлектерінің тізімі бекітілді.

Мемлекеттік қолдау шаралары- тегін оқыту, шәкіртақы, ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқытуға (3 айға дейін) 564 қатысушы немесе жоспардан 101,9 % жіберілді. 34 мерзімінен бұрын және 564 адам оқытуды уақытылы аяқтады. 377 азамат жұмыспен қамтылды. Қалған жұмыссыз азаматтар бүгінгі күні жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған (оқытуды аяқтау мерзімі 2017 жылдың 29 желтоқсан айы).

9 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды (тізім бекітілген). 2017 жылға-57,2 млн.теңге , есеп мерзіміне - 57,2 млн. теңге бөлінді, 56,8 млн. теңге (99,3%) игерілді.

Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (микроқаржыландыру).

Биылғы жылы Павлодар қаласы аймақтық комиссиясының жарлығына сәйкес, 17 адамға 276,9 млн теңге бөлінді.

2017 жылдың 2 тоқсанында «Бизнес – Кеңесші» жобасы шеңберінде бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, 24 бағдарлама қатысушысы оқытуды өтті.

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Павлодар облысы кәсіпкерлік, сату және туризм басқармасы» ММ екінші деңгейлі банктермен келісім жасасты.

- АҚ «АТФ Банк» 50,0 млн.теңге сомасында;

- АҚ «Нұр Банк» 40,0 млн.теңге сомасында;

- АҚ «Халық Банк» 95,0 млн.теңге сомасында;

- АҚ «Сбербанк» 150,0 млн.теңге сомасында.

2018 жылғы 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша 208,5 млн. теңгеге 16 ықтимал қарыз алушы өз бизнесін кеңейту үшін микрокредитті алды.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 165,1 млн. теңге болатын 14 потенциалды қатысушының құжаттары бар, оның ішінде:

- микрокредитті мақұлдау үшін - 51,0 млн. теңге сомасында 4 қатысушы;

- микрокредитті қарастыруда - 114,1 млн. теңге сомасында 114 қатысушы;

Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:

1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, 220 кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 2218 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 5134 адам орналастырылды.

2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 520 адам, соның ішінде:

-ЖБ есебінен- 35,2 39,6 млн. теңге сомасына 400 адам.

-РБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 120 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-593 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 224 адам, ЖБ -369 адам. 74,8 млн.теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 559 қатысушы немесе 94,3%.ие.

421 адам оқытуды аяқтады, оның ішінде 244 адам немесе 60% жұмысқа орналасты (2017 жылғы 29 желтоқсанда аяқталған 177 адам ға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі).

3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 240 адам, соның ішінде;

- РБ есебінен-23,9 млн. теңге сомасына 70 адам;

- ЖБ есебінен-44,5 млн. теңге сомасына 170 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесі шеңберінде ұйымдастырылған жұмыс орындарға 252 түлек жіберілді. Соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-182 адам. . 68,4 млн. теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 252 қатысушы немесе 100%.ие. 214 түлек қатысуды аяқтады, 166 түлек немесе 78% жұмыспен қамтылды, қалған түлектерді жұмысқа орналастыру жалғасуда.

4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 800 адамға 133,7 млн. теңге бөлінді. 170 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. 2018 жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, 914 адам қатысуға жіберілді, 133,7 млн. теңге немесе 100% игерілді. Сондай-ақ, биылғы жылы Бағдарлама бойынша этникалық қазақтардың «Оралмандардын» көшуіне, құрамы 74 адамнан тұратын 26 отбасына 3,4 млн. теңге сомасында субсидиялау беру көзделуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдайы бойынша құрамы 47 адамнан тұратын 15 отбасына 3,4 млн. теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия төленген (Алматы облысы, Арқалық ауданы - 1 отбасы, Ресей - 5 отбасы, Өзбекстан - 2 отбасы, Қытай - 3 отбасы, Моңғолия - 3 отбасы, ОҚО, Сырдария ауданы - 1 отбасы). Субсидияның мөлшері - 35 АЕК (2017 жылға АЕК - 2269 теңге) немесе отбасы мүшесіне 79415 теңге.

Аймақтық квотаға кірген оралмандар мен қоныстанушылар үшін, құрамы 74 адамнан тұратын, 15 отбасыға 2,3 млн. теңге коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындары үшін субсидия бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айындағы жағдай бойынша, коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындарын өтеу үшін құрамы 36 адамнан тұратын 11 отбасыға 2,3 мың теңге сомасында немесе 100% көлемінде субсидия бөлінген.

Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде(БАҚ, жергілікті тележарна, қалалық көлік бейнежазбалары, әлеуметтік желілер).

Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.


 

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының2017 жылғы 1 қазан айындағы жағдай бойынша жүзеге асуы ақпараты.

2017 жылға арналған «Жұмыспен қамту бағдармламасы» 002 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты 308714,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен аударымдар 65099,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен . 243615,0 мың теңгені құрайды.

Жұмыссыздарды және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, халықты жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтамасыз етудің жалпы қалпы 2017 жылға 6689 адамды құрайды. 2017 жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, 5971адам немесе 90% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 8142 адам өтініш білдірді.

Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 398 мүмкіндігі шектеулі адамдар өтініш білдірді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 398 адам қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмыс орнына-168 адам орналастырылды,, қоғамдық жұмыстарға -207 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға-7 адам орналастырылды, жастар тәжірибесін өтуге 7 адам және кәсіби оқытуға 9 адам жіберілді.

Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады. .

1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-231 адам)

2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-553 адам)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде, кәсіби және техникалық білімді іске асыру үшін аймақтық комиссия мүшелерімен 11 оқу орны анықталды, оқыту 19 мамандық бойынша 1 қырқүйек айынан оқыту басталды, жұмысқа қабылдау жоспары-231 қатысушы.

2017 жылдың 25 тамыз айында қалалық комиссия мүшелерімен техникалық және кәсіби оқытумен қамтылған 231 қатысушының- 9,11 сынып түлектері, жұмыссыздар, өнімсіз өз-өзін жұмыспен қамтығандар тізімі бекітілді. Оқытылуға-231 адам жіберілді. Мемлекеттік қолдау шаралары- тегін оқыту, шәкіртақы, ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқытуға (3 айға дейін) 553 қатысушыны жіберу жоспарлануда. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, 17 мамандық бойынша 395 қатысушы немесе жоспардан 71,4% жіберілді. Қалған 158 қатысушы қаржы жоспарына сәйкес, қазан айында оқуға кіріседі.

9 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды. 2017 жылға-57,2 млн.теңге , есеп мерзіміне-32,5 млн. теңге бөлінді, 28,6 млн. теңге (86,5%) игерілді.

Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (микроқаржыландыру).

Биылғы жылы Павлодар қаласы аймақтық комиссиясының жарлығына сәйкес, 10 адамға 127,3 млн теңге бөлінді.

2017 жылдың 2 тоқсанында «Бизнес – Кеңесші» жобасы шеңберінде бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, 24 бағдарлама қатысушысы оқытуды өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Павлодар облысы кәсіпкерлік, сату және туризм басқармасы» ММ екінші деңгейлі банктермен келісім жасасты.

- АҚ «АТФ Банк» 13 өтініш беруші;

- АҚ «Нұр Банк» 42 өтініш беруші;

- АҚ «Халық Банк» 18 өтініш беруші;

- АҚ «Сбербанк» 12 өтініш беруші.

Аталған азаматтардың құжаттары банктерде қарастырылуда.

Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:

1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айындағы жағдай бойынша, 271 кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 1090 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 3062 адам орналастырылды.

2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 520 адам, соның ішінде:

-ЖБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 400 адам.

-РБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 120 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-477 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 165 адам, ЖБ -312 адам. 50,4 млн.теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 416 қатысушы немесе 87,2%.ие.

3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 240 адам, соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-170 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қазанайындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесін 241 түлек өтуде. Соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-171 адам. .42,2 млн. теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 241 қатысушы немесе 100%.ие.

4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 800 адамға 111,4 млн. теңге бөлінді. 169 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімінің ұзақтығына (6 айдан 12 айға дейін) және екі қосымша кәсіпорынның ТОО «Горкомхоз - Павлодар» және ТОО «Холдинг Транс Павлодар» қажеттілігіне байланысты 85 адамды қаланы өркендету қоғамдық жұмысын ұйымдастыру үшін 25,0 млн теңге сомасында қосымша бюджетке тапсырыс жіберілді.

2017 жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, қатусыға 811 адам жіберілді, 413 адам қатысуды жалғастыруда, 86,0 млн.теңге немесе 100% игерілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы бағдарламаға сәйкес, этникалық қазақтарға «Оралмандарға»құрамы 74 адамнан тұратын 26 отбасыға көшу үшін 6,0 млн. теңге сомасында субсидия қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, құрамы 36 адамнан тұратын, 11 отбасыға 5,9 млн теңге немесе 45,8%. субсидия бөлінген. Субсидия көлемі бір отбасы мүшесіне 35 МРП немесе 79415 теңге.

Аймақтық квотаға кірген оралмандар мен қоныстанушылар үшін, құрамы 74 адамнан тұратын, 15 отбасыға 9,2 млн. теңге коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындары үшін субсидия бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындарын өтеу үшін құрамы 18 адамнан тұратын 5 отбасыға 500,0 мың теңге сомасында субсидия бөлінген.

Сонымен, үміткерлер болмаған жағдайда 2,5 млн. теңге сомасында субсидиялар бойынша ақша қаражаттарын секвестрлау туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хат жіберілді.

Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.


docxЕске салғыш. Өнімді жұмыспен қамту және масс-кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

 


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жүктеу


 

2015 – 2016 жылдардың орта және жоғарғы кәсіби білім түлектері!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша төлемді жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасу үшін шақырамыз

Бағдарламада қатысу мерзімі 6 айды құрайды. Жастар тәжірибесі қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақы қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама әрекет етеді.

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25,303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу бойынша шақырамыз.

ҚАЖЕТ: Қала көшелерін абаттандыру бойынша жұмысшылар, заңгерлер, кондукторлар, жөндеушілер, эл.жөндеушілер, қосалқы жұмысшылар, есепшілер, менеджер

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

2015 – 2016 жылдардың орта және жоғарғы кәсіби білім түлектері!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша төлемді жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасу үшін шақырамыз

Бағдарламада қатысу мерзімі 6 айды құрайды. Жастар тәжірибесі қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақы қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама әрекет етеді.

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу бойынша шақырамыз.

ҚАЖЕТ: Қала көшелерін абаттандыру бойынша жұмысшылар, заңгерлер, кондукторлар, жөндеушілер, эл.жөндеушілер, қосалқы жұмысшылар, есепшілер, менеджер

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

«Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі балалар үйі тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелет жақса толғанға дейін ата-анасын жолғатқан балалар санынан еңбек ететін жастар үшін Павлодар қ., Володарский, 157 көш. мекенжайы бойынша жатақханаға қондыру үшін үміткерлердің таңдауын өткізіп жатыр.

Жатақханадағы бөлмелер келесі шарттар бойынша беріледі:

1) Жиырма тоғызға дейінгі жас;

2) Қолданыстағы еңбек келісімшарты немесе әлеуметтік келісімшарт;

3) Тұрғын-ұй құрылыс жинағы жүйесінде қатысу;

Қатысу үшін құжаттар «Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жқмыспен қамту орталығы» КММ-де келесі мекенжай бойынша қабылданады: Кривенко,25, 324 каб. Мәлімет үшін телефон 320578.


 

Павлодар қаласы бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша 2016 жылы Павлодар қаласы бойынша 63 жоба жүзеге асырылады (білім беру – 16, денсаулық сақтау – 16, әлеуметтік қорғау – 15, спорт – 9, мәдениет – 3, ауыл әкімдері, ауылдар – 4).

20 желтоқсан айының жағдайы бойынша 61 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, 2 жоба бойынша жұмыстар жасғасуда, 28 желтоқсан айына дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталатын болады:

2016 жылғы 20 желтоқсан айы жағдайы бойынша – 513 жұмыс орындары құрылды, немесе 100 % (жоспар - 513), Бағдарламаның 265 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

«Кәсіпкерліктің бастамасын ынталандыру» Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде

Ағымдағы жылы ауыл бөлімдерінің 28 қатысушы 82,1 млн.теңге соммасында шағыннесие алды:

Ленин к. - 6 шағыннесие;

Кенжекөл а.о. - 9 шағыннесие;

Павлодарский а. - 3 шағыннесие;

Жетекші а. - 4 шағыннесие;

Мойылды а. - 3 шағыннесие;

Павлодар қ. - 3 шағыннесие;

2016 жылы 82,1 млн.теңге бөлінді, 82,1 млн.теңге соммасында (100 %) 28 шағыннесие берілді. Олардың ішінен өз ісін ашу үшін – 19, кеңейту үшін – 9.

Қазіргі уақытта «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2017 жылға сұраныс жинағын жүргізуде.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты бойынша «Жұмыс берушінің шын сұранысы есебімен оқыту және жұмыспен қамтылуға көмектесу мен көшіру».

Әлеуметтік жұмыс орындары.

40 ұйыммен шарт бекітілді, 160 азамат (жоспар-120 адам) немесе жоспардан 133,4 %. Олардың ішінен 150 қатысушы МЗЖ бар (93,8 %).

2015-2016 ж.ж. 132 адам әлеуметтік жұмыс орындары бойынша қатысуды аяқтады, олардың ішінен – 128 (96,2 %).

Еңбекақыны қаржыландыруға жылына 30,8 млн.теңге бөлінді, есеп беру кезіне бөлінді және 30,8 млн. теңге (100 %) игерілетін болады.

Жастар тәжірибесі.

29 ұйыммен шарт бекітілді, 2015-2016 жылдың 103 түлек жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 147,1 % (жоспар-70). 90 қатысушыда МЗЖ бар.

2015-2016 ж.ж. 124 адам жастар тәжірибесі бойынша қатысуды аяқтады, олардың ішінен жұмысқа орналастырылды-106 адам немесе 85,4 %.

Еңбекақыны төлеуге жылына 16,1 млн.теңге бөлінді, игерілетін 16,1 млн. теңге (100 %) болады.

Кәсіби оқу.

Кәсіби оқуға 202 қатысушы бағытталды немесе 101,5 % (жоспар-200), 163 оқуды аяқтады (ағымдағы жылдың 26 желтоқсан айына дейін 37 қатысушы оқуды аяқтайды), олардың ішінен 119 қатысушы немесе 73 %.

8 оқу ұйымымен шарттар бекітілді. Бір жылға – 23,1 млн.теңге бөлінді, 21,4 млн. теңге немесе 92,6 % – игерілетін болады.

2016 көшуге көшіру үшін жәрдемақы – 18,5 млн.теңге бөлінді. Ішкі мигрант және оралмандардың көшуіне аймақ аралық комиссия шешімі бойынша 39 отбасы (128 адам) 10,7 млн.теңге соммасында жәрдемақы бөлінді.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз