Соңғы оқиғалар

Жұма, 2018 жыл, 16 Қараша
«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» (Бектуров көш., 115, жұм.тел.: 653479, электрондық пошта: This email address is…

11 Көрулер

Сейсенбі, 2018 жыл, 30 Қазан
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Даниловна Курбатова 95 жасқа толды. Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері…

41 Көрулер

Сейсенбі, 2018 жыл, 30 Қазан
Жұмыссыз азаматтарды 2018 жылдың 31 қазанда сағат 11-00-де Ломов көшесі, 38 үй мекенжайы бойынша («Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі ғимаратында) Павлодар…

50 Көрулер

Жұма, 2018 жыл, 26 Қазан
Нәзік жандарды отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінен құтқару орталықтарына қазіргі заманауи қоғамда сұраныс өсуде. Тәжірибе көрсеткендей, отбасындағы зорлық-зомбылық ұлт пен географиялық…

49 Көрулер

Бейсенбі, 2018 жыл, 27 Қыркүйек
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін…

100 Көрулер

Сәрсенбі, 2018 жыл, 12 Қыркүйек
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүзеге асырылады. Аталмыш көмек түрі жан басына шаққан табысы…

218 Көрулер

Сәрсенбі, 2018 жыл, 12 Қыркүйек
Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік мәртебесін өзектендірді. Олардың…

213 Көрулер

Жұма, 2018 жыл, 24 Тамыз
«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» кейінгі жұмысқа орналастырумен «Тігінші»  (плоипропиленді қаптаманы тігу, темір ұстасы – сантехник,…

216 Көрулер

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз