Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

jar ee20c

Жұмыссыз азаматтарды 2018 жылдың 31 қазанда сағат 11-00-де Ломов көшесі, 38 үй мекенжайы бойынша («Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі ғимаратында) Павлодар қаласының жұмыс берушілердің қатысуымен өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз.

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Павлодарда әлеуметтік мәртебені өзектендіру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде

sshot 992ce

Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік мәртебесін өзектендірді. Олардың ішінен шамамен 1,5 мың адам  жұмысқа орналастырылып, кәсіптік оқытуға жіберілді.

Мәртебенің өзектілігі – бұл кепілдендірілген әлеуметтік төлемдердің түсуі және лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету, яғни елдегі экономикаға бейресми жұмыс күшін тарту, осылайша жұмыссыздықты жою болып табылады.

Егер азамат жұмыссыз болған жағдайда - жұмыспен қамту орталығын барып ресми түрде тіркелу қажет. Жұмысшы еңбек келісім шартынсыз жұмыс атқаратын болса - жұмыс берушімен еңбек қатынастарын ресми  түрде ресімдеу қажет, ал жұмыс беруші бас тартқан жағдайда Павлодар облысының еңбек басқармасына жазбаша түрде жүгінуіне болады. Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін барлық азаматтар (жеке көлік, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) - Павлодар қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасына барып тіркеуге тұру қажет.

Азаматтар өздерінің әлеуметтік мәртебелерін Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығынан анықтай алады. Сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы барлық қажетті  ақпаратты толық білуге болады

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

jarm 5f6ed

Сіздерді 2018 жылғы 29 маусымда Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайында (Жастарға қызмет көрсету орталығы) сағат 11:00-де өтетін  бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.

Іс–шара ұйымдастырушылары: Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, жастар бастамаларын дамыту орталығы

Павлодар қаласындағы мейрамханалар мен қонақ үйлер әкімшілері оқытылады

reception 77b2d

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Арман Смаилов хабарлады.

Ақпан айынан бастап Павлодар қаласының жұмыссыз азаматтарын 11 мамандық бойынша үш айлық курстарда оқытуды бастаймыз, - деді Арман Смаилов. -Соның ішінде, көпір кран операторы, аспаз, электр дәнекерлеуші, хатшы-референт, сауда менеджері, өлшеу құрылғылары мен автоматтандыру слесарі және тігінші. Биылғы жылы жаңа бағыттар пайда болады, алғаш рет болашақ графикалық дизайнерлерге, маникюр мен дизайнерлік шеберлеріне, жиһаз жинаушыларға курстар ашылады.Курс тыңдаушылары 16 759 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Аяқтаған соң, оларға тиісті куәліктер беріледі және жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі .

Қаланың жұмыспен қамту орталығы кәсіпорындардың өтініштері бойынша жұмыс жасайды. Мысалы, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де полипропиленді өнімдер шығаратын жаңа өндіріс ашылды, ол үшін 143 тігінші қажет, сондықтан курс түлектері жұмыссыз қалмайды.

Ресми өкілдің айтуынша, өткен жылы 29 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстарда 520 жұмыссыз оқыды, олардың 400-і жұмысқа орналасты.

Биылғы жылы 535 жұмыссыз азамат кәсіптік оқытудың 32 бағыты бойынша «қыртыс» алады.

Павлодар қаласы жұмыссыздарға арналған жоспарды асыра орындады

job 977e4

Бұл туралы агенттікке қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Арман Смаилов хабарлады.

2017 жылы тұрақты жұмыс орнына 6046 жұмыссыз және уақытша жұмыс орындарына соның ішінде, жастар тәжірибесіне 1500-ден астам жұмыссыз орналастырылды, - деді Арман Смаилов.

Осылайша, біз жалпы жұмыспен қамту жоспары 6 683 адам болғанымен, облыс орталығының 7704 жұмыссыз тұрғынына жұмыс тауып, жоспардың 115,3 пайызынан астық.

Көбінесе техникалық мамандықтары бар адамдар жұмыс тапты. Біліктілігі жоқ жұмыссыздар жинап тазалаушы, жүк тасушы, әр түрлі жұмысқа жарамды жұмыскерлер болып орналастырылды.

2017 жылы бюджет қаражатынан жұмыспен қамту бағдарламасына 339 млн 750 мың теңге бөлінгенін ескертеміз.

Павлодар қаласының жұмыссыз азаматтардың назарына!

 

IMG 20180103 WA0005 1 f40a5

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2018 жылға 16759 теңге шәкіртақы төлеумен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін қысқамерзімді кәсіби оқуға жазуды жүргізуде.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекенжай бойынша жүгініңіздер: Ак. Бектұров көш., 115, тел. 215485, 215475

Халықты жұмыспен қамту

Жұмыссыз азаматтар назарына!

 

Павлодар қаласының құтқару станциясы жағажай кезекшілерін жұмысқа қабылдайды, еңбек ақысының мөлшері 36688 теңге, жұмыс кестесі

15.00-ден 21.00-ге дейін.

Павлодар қ., Павлодар қаласы әкімдігінің  халықты жұмыспен қамту Орталығы, Кривенко,25 к-сі, 108 каб. мекен-жайы бойынша жүгіну.


 

2017 жылдың қаңтар-маусым айлары ішінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыспен қамту мүшесіне 4570 азамат жүгінді, соның ішінде 2504 – жұмыссыз азамат. Мерзімнің соңына қарай жұмыспен қамту мүшесінде тіркелген жұмыссыздар саны 1607 адам құрады, экономикалық белсенді халық санына жұмыссыздардың үлесі 0,8 % құрады.

Жұмыспен қамту шараларымен 2724 азамат қамтылды, соның ішінде 1760 азаматқа жұмыспен қамтуда көмек көрсетілді (тұрақты жұмыс орнына – 1257 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 368 адам, жастар практикасына -135 түлек бағытталды), қоғамдық жұмыстарда 659 жұмыссыз адам қатысты, 305 жұмыссыз кәсіптік оқуға жіберілді.

1607 жаңа жұмыс орын пайда болды, немесе жылдық жоспардан 54,5 % (жоспар – 2945 жұмыс орын). Мерзімнің аяғына қарай жұмыспен қамту мүшесіне жұмыс берушілерден 3193 бос жұмыс орын мен бос қызмет орындары мәлімденді.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша «Павлодар облысының Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жүгіну, тел. 32-05-78, 32-05-70, 32-24-60.


 

ТЕГІН КӘСІБИ КУРСТАР

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі 2017 жылдың ақпан айында біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау ақысыз курстарына келесі мамандақтар бойынша қабылдау жүргізеді:

- электргазбен дәнекерлеуші (қайта даярлау);

- тігуші сәнгер (біліктілігін жоғарлату)

Барлық сұрақтар бойынша: Кривенко көш. 25, 324,110 каб. сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 320578, 329722 телефондары бойынша жүгіне аласыздар.

grafik_2017_k.xls


 

Жастар арасындағы жұмыссыз азаматтары назарына!

Павлодар облысының Ішкі Істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметіне жаңа қызметкерлерді қабылдау мақсатында

2017 жылдың18 қаңтары күні, сағат 11.00-де Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша жоғарғы, орта білімі бар жастар үшін қызметке алу талаптарын түсіндіру бойынша бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді.

 

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-VЗаңының «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚРЗ 14 бабына сәйкес:

14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу

1. Осы баптың 5-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы оның деректерін тексергеннен кейін жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн өткенде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу күні және есепке қою туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы хабардар етеді.

4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

5. Жұмыссыз адам ретінде:

1) он алты жасқа толмаған;

2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;

3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған адамдар тіркелмейді.

Жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру үшін өтініштер Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25, 110 кабинет мекен жайы бойынша орналасқан «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, анықтамалар үшін тел. 32-97-22, 32-05-78.


2016 жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасу сұрағымен 9530 азамат жүгінді. Жұмыспен қамту органында тіркелген жұмыссыздардың саны 831 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санына жұмыссыздардың қатынасы - 0,4 %.

Жұмысқа орналасуда жәрдем 5316 азаматқа көрсетілді, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына – 4427 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 561 адам, жастар тәжірбиесіне – 328 түлек. Жүгінген азаматтардың жқмысөа орналастыру деңгейі 55,8 % құрады.

Қоғамдық жұмыстарды 825 жұмыссыз азамат қатысты, 626 жұмыссыз азамат кәсіби даярлау және қайта дарлауғы жіберілді.

2016 жылы Павлодар қаласы бойынша 2909 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды, соның ішінде 2225 – тұрақты, 684 – уақытылы. 2945 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе жоспардан 101,0 % (2242 – тұрақты, 703 - уақытылы).

Жұмысберушілермен жұмыспен қамту органдарына 13135 бос жұмыс орындары мен бос қызметтер жіберліді, 2016 жылы 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, 145 жұмыс берушілер, 1828 азамат қатысты, 1661 азамат жұмыс қамту шараларымен қамтылды.

Жұмыскерлердің босатылуын болдырмауы бойынша шара қолдану үшін және Еңбек Кодексінің нормаларын сақтау үшін Павлодар қаласы әкімдігімен, жұмысберушімен және кәсіби одақпен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлерді жұмысқа орналастыру және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы қала әгімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасалып қолдануда.

2016 жылы қала кәсіпорындарымен 1288 жұмыскерлердің босатылуы бойынша мәліметтер берілді, қолданылған шаралардың қорытындысында 155 жұмыскер босатылды.

2016 жылы жұмыспен қамту органына 546 мүгедек жүгінді, жұмыспен қамту шараларымен 527 мүгедек қамтылды немесе 96,5 %, соның ішінде 198 мүгедек бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 40 мүгедек, жастар тәжірбиесіне 13 түлектер, кәсіби оқытуға жіберілді – 18, қоғамдық жұмыстарда 258 мүгедек қатысты.

Халықты жұмыспен қамту

2014 жылы жұмыспен қамту Бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаржыны меңгеру

99,8 % құрады, 277 368,0 мың теңге жоспары кезінде, меңгерілу 276 948,1 мың теңгені құрады. Атқарылған жұмыстар фактісі бойынша 419,9 мың теңге меңгерілмеді.

2014 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 5843 азамат тіркеуге тұрды. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесуіне келген жұмыссыздар саны өткен жылғымен салыстырғанда 9,8 % көбейді (2013 жыл – 5 319  адам). 4702 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдемдесілді, сонымен бірге 1696 – Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бойынша, жүгінген азаматтарды жұмысқа ораналастыру деңгейі 80,5 % құрды, ЖҚЖК 2020 тіркеусіз – 72,5 %.

28 маман бойынша 522 жұмыссыз азаматты кәсіби оқуға бағытталды.

Еңбек нарығында шиеленісті төмендету үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстар 90 кәсіпорынмен шарттар жасалды, 1104 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа бағытталды. Қоғамдық жұмыстағы жұмыскерлерді бюджеттен қаражаттандырды – 105 342,0 мың теңге, жұмыс берушілер қаражатынан – 24 162,8 мың теңге. Орташа еңбекақы айына 22,0 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 408 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындары қаладағы 48 кәсіпорында құрылды. Әлеуметтік жұмыс орындарының қатысушыларына еңбекақы төлемдерін бюджеттен қаржыландырды – 38 785,0 мың теңге, жұмыс беруші қаражатынан – 19 950,0 мың теңге. Орташа еңбекақы айына 36,0 мың теңгені құрады.

Жастар іс тәжірибесіне 158 бітіруші жұмысқа орналастырылды, жастар іс тәжірибесі қаладағы 46 кәсіпорын мен ұйымдарда ұйымдастырылды. Қатысушылардың төлемақысы бюджеттен қаражаттандырылды –  15 653,3 мың теңге.

Жұмыс берушілермен 10152 бос жұмыс орны туралы өтінім берілді.

2014 жылы қаладағы кәсіпорынның болжамы бойынша 2200 жаңа жұмыс орындарын құруға жоспарлануда (1900 - тұрақты, 300 - уақытша), 2370 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе жоспардан 107,7 %.

2015 жылы 1 қаңтар бойынша жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны - 672 адам.

Еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі  0,4 % құрады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың 508 жұмыспен қамтамасыз етілген немесе жүгінгендердің 100 % (тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды - 153, әлеуметтік жұмыс орындарына на социальные - 71, жастар іс тәжірибесіне – 14, қоғамдық жұмыстарға – 237, оқуға-33).

Кәсіби оңалту бойыша ЖРБ жасалды – 684, орындалды – 624 немесе 91,2%.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз