Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының2017 жылғы 1 қазан айындағы жағдай бойынша жүзеге асуы ақпараты.

2017 жылға арналған «Жұмыспен қамту бағдармламасы» 002 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты 308714,0 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен аударымдар 65099,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен . 243615,0 мың теңгені құрайды.

Жұмыссыздарды және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар арасында, халықты жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтамасыз етудің жалпы қалпы 2017 жылға 6689 адамды құрайды. 2017 жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, 5971адам немесе 90% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

Павлодар қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері жұмысқа орналасу сұрағымен 8142 адам өтініш білдірді.

Соның ішінде, жұмыс іздеушілер арасынан 398 мүмкіндігі шектеулі адамдар өтініш білдірді, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 398 адам қамтамасыз етілген. Тұрақты жұмыс орнына-168 адам орналастырылды,, қоғамдық жұмыстарға -207 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыстарға-7 адам орналастырылды, жастар тәжірибесін өтуге 7 адам және кәсіби оқытуға 9 адам жіберілді.

Бұл бағдарламаға негізгі үш бағыт кіреді:

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіби білім беру және қысқартылған кәсіби оқытумен қамтамасыз ету» келесі тапсырмалардың қамтамасыз етілуін қарастырады. .

1) Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау (жоспар-231 адам)

2) Еңбек нарығында қажетті мамандықтар және дағдылар бойынша, қысқа мерзімді оқыту мамандарын даярлау. (жоспар-553 адам)

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде, кәсіби және техникалық білімді іске асыру үшін аймақтық комиссия мүшелерімен 11 оқу орны анықталды, оқыту 19 мамандық бойынша 1 қырқүйек айынан оқыту басталды, жұмысқа қабылдау жоспары-231 қатысушы.

2017 жылдың 25 тамыз айында қалалық комиссия мүшелерімен техникалық және кәсіби оқытумен қамтылған 231 қатысушының- 9,11 сынып түлектері, жұмыссыздар, өнімсіз өз-өзін жұмыспен қамтығандар тізімі бекітілді. Оқытылуға-231 адам жіберілді. Мемлекеттік қолдау шаралары- тегін оқыту, шәкіртақы, ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді оқытуға (3 айға дейін) 553 қатысушыны жіберу жоспарлануда. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, 17 мамандық бойынша 395 қатысушы немесе жоспардан 71,4% жіберілді. Қалған 158 қатысушы қаржы жоспарына сәйкес, қазан айында оқуға кіріседі.

9 оқу ұйымымен келісімшарт жасалды. 2017 жылға-57,2 млн.теңге , есеп мерзіміне-32,5 млн. теңге бөлінді, 28,6 млн. теңге (86,5%) игерілді.

Екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» (микроқаржыландыру).

Биылғы жылы Павлодар қаласы аймақтық комиссиясының жарлығына сәйкес, 10 адамға 127,3 млн теңге бөлінді.

2017 жылдың 2 тоқсанында «Бизнес – Кеңесші» жобасы шеңберінде бекітілген оқыту кестесіне сәйкес, 24 бағдарлама қатысушысы оқытуды өтті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Павлодар облысы кәсіпкерлік, сату және туризм басқармасы» ММ екінші деңгейлі банктермен келісім жасасты.

- АҚ «АТФ Банк» 13 өтініш беруші;

- АҚ «Нұр Банк» 42 өтініш беруші;

- АҚ «Халық Банк» 18 өтініш беруші;

- АҚ «Сбербанк» 12 өтініш беруші.

Аталған азаматтардың құжаттары банктерде қарастырылуда.

Үшінші бағыт «Жұмыс күшінің көтерілуіне және еңбектің ұтқырлығына байланысты еңбек нарығын дамыту» олардың арасында келесі міндеттерді жүзеге асыру көзделген:

1) Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу- мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетпестен жұмысқа орналастыру.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айындағы жағдай бойынша, 271 кәсіпорындар мен ұйымдардан, жұмысқа орналасу үшін 1090 бос орынға өтініш келіп түсті, тұрақты жұмыс орнына 3062 адам орналастырылды.

2) Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жоспар бойынша 520 адам, соның ішінде:

-ЖБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 400 адам.

-РБ есебінен- 35,2 млн. теңге сомасына 120 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айындағы жағдай бойынша, әлеуметтік жұмыс орындарына-477 адам жіберілді. Соның ішінде, - РБ 165 адам, ЖБ -312 адам. 50,4 млн.теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 416 қатысушы немесе 87,2%.ие.

3) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру, жоспар бойынша 240 адам, соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-170 адам.

Ағымдағы жылдың 1 қазанайындағы жағдай бойынша, жастар тәжірибесін 241 түлек өтуде. Соның ішінде, РБ-70 адам, ЖБ-171 адам. .42,2 млн. теңге немесе 100% игерілді. Міндетті зейнетақы жарнасына 241 қатысушы немесе 100%.ие.

4) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.

12 ай мерзіміне жоспар бойынша- 800 адамға 111,4 млн. теңге бөлінді. 169 қала ұйымдары мен кәсіпорындарымен келісімшарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімінің ұзақтығына (6 айдан 12 айға дейін) және екі қосымша кәсіпорынның ТОО «Горкомхоз - Павлодар» және ТОО «Холдинг Транс Павлодар» қажеттілігіне байланысты 85 адамды қаланы өркендету қоғамдық жұмысын ұйымдастыру үшін 25,0 млн теңге сомасында қосымша бюджетке тапсырыс жіберілді.

2017 жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, қатусыға 811 адам жіберілді, 413 адам қатысуды жалғастыруда, 86,0 млн.теңге немесе 100% игерілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы бағдарламаға сәйкес, этникалық қазақтарға «Оралмандарға»құрамы 74 адамнан тұратын 26 отбасыға көшу үшін 6,0 млн. теңге сомасында субсидия қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, құрамы 36 адамнан тұратын, 11 отбасыға 5,9 млн теңге немесе 45,8%. субсидия бөлінген. Субсидия көлемі бір отбасы мүшесіне 35 МРП немесе 79415 теңге.

Аймақтық квотаға кірген оралмандар мен қоныстанушылар үшін, құрамы 74 адамнан тұратын, 15 отбасыға 9,2 млн. теңге коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындары үшін субсидия бөлінген.

Ағымдағы жылдың 1 қазан айындағы жағдай бойынша, коммуналдық төлем және тұрғын үй шығындарын өтеу үшін құрамы 18 адамнан тұратын 5 отбасыға 500,0 мың теңге сомасында субсидия бөлінген.

Сонымен, үміткерлер болмаған жағдайда 2,5 млн. теңге сомасында субсидиялар бойынша ақша қаражаттарын секвестрлау туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хат жіберілді.

Жоғарыда аталған бағдарламаның сапалы және уақытылы жүзеге аусы үшін, Жұмыспен қамту орталығымен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жүктеу


 

2015 – 2016 жылдардың орта және жоғарғы кәсіби білім түлектері!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша төлемді жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасу үшін шақырамыз

Бағдарламада қатысу мерзімі 6 айды құрайды. Жастар тәжірибесі қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақы қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама әрекет етеді.

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25,303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу бойынша шақырамыз.

ҚАЖЕТ: Қала көшелерін абаттандыру бойынша жұмысшылар, заңгерлер, кондукторлар, жөндеушілер, эл.жөндеушілер, қосалқы жұмысшылар, есепшілер, менеджер

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

2015 – 2016 жылдардың орта және жоғарғы кәсіби білім түлектері!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша төлемді жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасу үшін шақырамыз

Бағдарламада қатысу мерзімі 6 айды құрайды. Жастар тәжірибесі қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақы қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама әрекет етеді.

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

Павлодар қаласының құрметті тұрғындары!

Сіздерді «2017 – 2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу бойынша шақырамыз.

ҚАЖЕТ: Қала көшелерін абаттандыру бойынша жұмысшылар, заңгерлер, кондукторлар, жөндеушілер, эл.жөндеушілер, қосалқы жұмысшылар, есепшілер, менеджер

Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 303 кабинет, тел. 322460, 320570


 

«Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі балалар үйі тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелет жақса толғанға дейін ата-анасын жолғатқан балалар санынан еңбек ететін жастар үшін Павлодар қ., Володарский, 157 көш. мекенжайы бойынша жатақханаға қондыру үшін үміткерлердің таңдауын өткізіп жатыр.

Жатақханадағы бөлмелер келесі шарттар бойынша беріледі:

1) Жиырма тоғызға дейінгі жас;

2) Қолданыстағы еңбек келісімшарты немесе әлеуметтік келісімшарт;

3) Тұрғын-ұй құрылыс жинағы жүйесінде қатысу;

Қатысу үшін құжаттар «Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жқмыспен қамту орталығы» КММ-де келесі мекенжай бойынша қабылданады: Кривенко,25, 324 каб. Мәлімет үшін телефон 320578.


 

Павлодар қаласы бойынша Жұмыспен қамту 2020 жол картасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты бойынша 2016 жылы Павлодар қаласы бойынша 63 жоба жүзеге асырылады (білім беру – 16, денсаулық сақтау – 16, әлеуметтік қорғау – 15, спорт – 9, мәдениет – 3, ауыл әкімдері, ауылдар – 4).

20 желтоқсан айының жағдайы бойынша 61 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, 2 жоба бойынша жұмыстар жасғасуда, 28 желтоқсан айына дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталатын болады:

2016 жылғы 20 желтоқсан айы жағдайы бойынша – 513 жұмыс орындары құрылды, немесе 100 % (жоспар - 513), Бағдарламаның 265 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.

«Кәсіпкерліктің бастамасын ынталандыру» Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде

Ағымдағы жылы ауыл бөлімдерінің 28 қатысушы 82,1 млн.теңге соммасында шағыннесие алды:

Ленин к. - 6 шағыннесие;

Кенжекөл а.о. - 9 шағыннесие;

Павлодарский а. - 3 шағыннесие;

Жетекші а. - 4 шағыннесие;

Мойылды а. - 3 шағыннесие;

Павлодар қ. - 3 шағыннесие;

2016 жылы 82,1 млн.теңге бөлінді, 82,1 млн.теңге соммасында (100 %) 28 шағыннесие берілді. Олардың ішінен өз ісін ашу үшін – 19, кеңейту үшін – 9.

Қазіргі уақытта «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2017 жылға сұраныс жинағын жүргізуде.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты бойынша «Жұмыс берушінің шын сұранысы есебімен оқыту және жұмыспен қамтылуға көмектесу мен көшіру».

Әлеуметтік жұмыс орындары.

40 ұйыммен шарт бекітілді, 160 азамат (жоспар-120 адам) немесе жоспардан 133,4 %. Олардың ішінен 150 қатысушы МЗЖ бар (93,8 %).

2015-2016 ж.ж. 132 адам әлеуметтік жұмыс орындары бойынша қатысуды аяқтады, олардың ішінен – 128 (96,2 %).

Еңбекақыны қаржыландыруға жылына 30,8 млн.теңге бөлінді, есеп беру кезіне бөлінді және 30,8 млн. теңге (100 %) игерілетін болады.

Жастар тәжірибесі.

29 ұйыммен шарт бекітілді, 2015-2016 жылдың 103 түлек жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 147,1 % (жоспар-70). 90 қатысушыда МЗЖ бар.

2015-2016 ж.ж. 124 адам жастар тәжірибесі бойынша қатысуды аяқтады, олардың ішінен жұмысқа орналастырылды-106 адам немесе 85,4 %.

Еңбекақыны төлеуге жылына 16,1 млн.теңге бөлінді, игерілетін 16,1 млн. теңге (100 %) болады.

Кәсіби оқу.

Кәсіби оқуға 202 қатысушы бағытталды немесе 101,5 % (жоспар-200), 163 оқуды аяқтады (ағымдағы жылдың 26 желтоқсан айына дейін 37 қатысушы оқуды аяқтайды), олардың ішінен 119 қатысушы немесе 73 %.

8 оқу ұйымымен шарттар бекітілді. Бір жылға – 23,1 млн.теңге бөлінді, 21,4 млн. теңге немесе 92,6 % – игерілетін болады.

2016 көшуге көшіру үшін жәрдемақы – 18,5 млн.теңге бөлінді. Ішкі мигрант және оралмандардың көшуіне аймақ аралық комиссия шешімі бойынша 39 отбасы (128 адам) 10,7 млн.теңге соммасында жәрдемақы бөлінді.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ