Соңғы оқиғалар

Сәрсенбі, 2018 жыл, 12 Қыркүйек
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүзеге асырылады. Аталмыш көмек түрі жан басына шаққан табысы…

24 Көрулер

Сәрсенбі, 2018 жыл, 12 Қыркүйек
Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік мәртебесін өзектендірді. Олардың…

19 Көрулер

Жұма, 2018 жыл, 24 Тамыз
«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» кейінгі жұмысқа орналастырумен «Тігінші»  (плоипропиленді қаптаманы тігу, темір ұстасы – сантехник,…

40 Көрулер

Бейсенбі, 2018 жыл, 09 Тамыз
Ұлы отан соғысында қаза болған жауынгердің жесірі, «1941-1945 жылдарда Ұлы отан соғысында белсеңді еңбегі үшін» тыл еңбегі медалимен марапатталған Мария…

60 Көрулер

Бейсенбі, 2018 жыл, 09 Тамыз
2018 жылы 9 тамыз күні «Смарт Павлодар» мобильді қолданбаның «Әлеуметтік қорғау» бөлімінің тұсаукесері болып өтті. «Әлеуметтік қорғау» бөлімі «BFGroupInc» ЖШС-мен…

48 Көрулер

Дүйсенбі, 2018 жыл, 06 Тамыз
Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ның әлеуметтік жұмысы бойынша…

58 Көрулер

Сәрсенбі, 2018 жыл, 25 Шілде
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, жұмыс беруші еңбек жағдайларын көрсете жазбаша немесе олардың пайда болу күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қолжетімді…

83 Көрулер

Сәрсенбі, 2018 жыл, 25 Шілде
Жұмыс порталы Сізге қажетті бос жұмыс орны мен резюме табуыңызға көмектеседі. Іздеу Қазақстан бойынша, сонымен қатар  облыстар мен аумақтар бойынша…

86 Көрулер

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Қазақстан Республикасы Гимні жүктеп алу

 

көзіне сілтеме

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз