Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Ведомствоға қарасты мекемелер

Әлеуметтік бейімделу орталығы

  • ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН МЕРЕТОЙЛАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУДА

    IMG 20180122 WA0014 2ae97

    21 қаңтар күні Ұлы Отан соғысының қатысушысы Николай Сергеевич Иванченко өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтті.

    Мерекелік күнде Николай Сергеевичті құттықтауға оның жақындары мен туған-туыстары ғана емес, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері де келді.

    Николай Сергеевич Успен ауданының Ковалевка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылған. 112 атқыштар полкында отан алдындағы борышын өтеп, неміс-фашист және жапон басқыншыларына қарсы соығыстарға қатысқан. Ұлы Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жеңісі үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

    Мерейтой  иесіне Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Р.К. Сағынова қала әкімі Н.Әшімбетовтың атынан құттықтау сөз сөйлеп, құттықтау хат пен сыйлық табыс етті.

    «Әрине, жылдар өз ақысын алады. Бірақ біздің ардагеріміз -  әлі де саяжайға барып, сағаттап соғыс жылдарындағы әңгімелерін  немере-шөберелеріне айта алады. Бүгінгі күні Павлодар қаласында Ұлы Отан соғысының 85 ардагері өмір сүріп жатыр, олардың бірде-біреуі мерейтойлық күні құттықтаусыз қалмайды», - деп атап өтті Рымкеш Сағынова


    IMG 20180122 WA0015 e85f5

  • Зеленская З.И.

    zel dom bebf1

    Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ -мен ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған 1933 жылы туған, тыл еңбеккері  З.И. Зеленскаяға көмек көрсетілді.

    Құқық қорғау органдары 13 патрульдік бөлімшесімен, қалалық төтенше жағдайлар және медицина қызметкерлерімен, КСК төрағасымен бірлесе отырып, зейнеткерге шұғыл көмек көрсетті, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мейірімділік үйі» КММ арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды ресімдеді.

    Қазіргі уақытта З.И. Зеленская Павлодар қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мейірімділік үйі» КММ-де тұрып жатыр.


    zel dm ef0c1

  • Коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегі (жәрдемақы)

    НАЗАР АУДАРЫНДАР!

    Коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегі (жәрдемақы)

    Павлодар қаласында қоммуналдық қызмет шығындарын жартылай өтемақы түрінде тұрғын үй көмегі (жәрдемақы) ұсынылады.

    Тұрғын үй көмегін бір үйдін меншік иесі болып табылатын, берілген үйде бір тоқсаннан кем емес тіркеуде және тұратын азаматтардың алуға құқығы бар.

    9. Тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығы бар тұлғалар санаттары:

    1) зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істейтін тұлғалар;

    2) жұмысқа жарамды тұлғалар: 1,5 айдан аса жұмыспен қамту орталығында есепте тұрғандар;

    3) зейнеткерлік жасы алдындағы, жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнеткерлік жасқа шығуға екі жыл қалғанда);

    4) 1,5 айдан аса стационарлы емделуде жүрген азаматтар;

    5) күндізгі оқу орындарында оқитын оқушылар және студенттер, тыңдаушылар және курсанттар ;

    6) бөгде адамдардың күтімінге мұқтаж танылған 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан азаматтарды, 7 жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын азаматтар;

    7) жүктілігі бойынша жұмыспен қамтудың уәкілетті органдары есебінен алынған жүкті әйелдер;

    8) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтумен айналысатын тұлғалар.

    Коммуналдық қызмет төлеуге тұрғын үй көмегінің бір айлық төменгі мөлшері 1,5 айлық есеп көрсеткішті құрайды.

     

     

    Тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар тізімі

    1) тұрғын үйдің меншік иесінің (жалдаушынің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (паспорт, балалардың туу туралы куәлігі)

    2) ағымдағы тоқсанға өткен тоқсанның отбасы мүшелелерінің тоқсан табысын растайтын құжаттар (зейнеткердін куәлігі, жалақы туралы анықтама, стипендия, МЗТО төлемдерінің анықтамасы, алимент туралы және т.б)

    3) ағымдағы тоқсанға өткен тоқсанның түбіртектері (Энергоцентр АҚ, Водоканал, Казтелеком, КСК, Лифт, Спецмашин)

    Берілген көмек түрін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтінішпен жүгінулерінізге ұсынамыз.

    Тұрғын үй көмегін тағайындауды «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жүзеге асырады.

    Толық ақпаратты «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тел. 32-17-28, немесе pavlozsp.qov.kz, бөлім сайтының «Әлеуметтік қолдау» айдарынан біле алаласыз.

  • Жаңа форматының атаулы әлеуметтік көмектің

    Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) өмір сүру сапасын арттыру, табысы аз адамдардың санын қысқарту, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік дамуға ауысу үшін жағдай жасау мақсатында, 2018 жылғы 1 қаңтар айының атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізу жоспарлануда.

    Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету тәртібі бойынша түсіндіру жұмысы іске асырылуда. Осылайша 2017 жылдың 6 қарашада халықпен кездесу өткізілген және де ағымдағы жылдың 7-21 қараша аралығында Павлодар қаласының ауылды мекендеріне осы сұрақ бойынша іссапар жоспарланған.

    АӘК көрсетудің жаңа үлгісі қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады:

    а) кірісіне қарамастан республикалық бюджеттен төленетін кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалы отбасыларға (бұдан әрі-отбасылар) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (АМЖ);

    б) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан тағайындалатын аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар (МБЖ);

    в) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

    Жаңа сипаттағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

    Жаңа сипаттағы АӘК көрсету үшін бірыңғай жүйесі белгіленеді – күн көріс деңгейінен 50%.

    Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егдежастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.

    Шартты ақшалай көмек (ШАҚ) отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде (жұмысқа орналасуға ықпалдасу, мамандығы бойынша кәсіптік оқыту, қажет болған жағдайда отбасының барлық мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.

  • Нұсқаулық АӘК

    Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) өмір сүру сапасын арттыру, табысы аз адамдардың санын қысқарту, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік дамуға ауысу үшін жағдай жасау мақсатында, 2018 жылғы 1 қаңтар айының атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізу жоспарлануда.

    1. АӘК көрсетудің жаңа үлгісі қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады:

    а) кірісіне қарамастан республикалық бюджеттен төленетін кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалы отбасыларға (бұдан әрі-отбасылар) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (АМЖ);

    б) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан тағайындалатын аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар (МБЖ);

    в) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

    Жаңа сипаттағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

    1. Жаңа сипаттағы АӘК көрсету үшін бірыңғай жүйесі белгіленеді – күн көріс деңгейінен 50%.

    Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егдежастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.

    Шартты ақшалай көмек (ШАҚ) отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде (жұмысқа орналасуға ықпалдасу, мамандығы бойынша кәсіптік оқыту, қажет болған жағдайда  отбасының барлық мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.

    Осыған орай АМЖ, МБЖ және АӘК алушы-отбасыларды аула бойынша аралау өткізілген болатын.

  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар үлгісінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

    «Мүгедектер мен қарт азаматтарға арнайы әлеуметтік оңалту қызмет көрсету облыстық орталғы «Ардагерлер үйі» КММ-сі келесі азаматтарға қызмет көрсетеді:

    1. бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
    2. қарт жасына сәкес өз-өзіне қызмет көрсетуге қиыншылдық көретін азаматтар.

    Өтініш тапсыру үшін келесі құжаттар қажет:

    1. қызмет алушының жазбаша өтініші;
    2.  жеке куәліктің көшірмесі;
    3. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
    4. медициналық карта;
    5. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндісінің көшірмесі;
    6. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – ҰОС қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлік.

    Қызмет тегін көрсетіледі.

    Өтініш беру үшін Кривенко көш, 25, 3 қабат, 322 кабинетке жүгінуің қажет. 

  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар үлгісінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

    «Черноярская Жемчужина» ЖШС-гі келесі азаматтарға қызмет көрсетеді:

    1. қарт жасына сәкес өз-өзіне қызмет көрсетуге қиыншылдық көретін азаматтар.

    Өтініш тапсыру үшін келесі құжаттар қажет:

    1. қызмет алушының жазбаша өтініші;
    2. жеке куәліктің көшірмесі;
    3. медициналық карта;
    4. зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
    5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – ҰОС қатысушысы және мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлік.

    Қызмет тегін көрсетіледі.

    Өтініш беру үшін Кривенко көш, 25, 3 қабат, 322 кабинетке жүгінуің қажет. 

  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында медициналық-әлеуметтік мекемеде (уақытша қызмет көрсету үлгісінде) әлеуметтік қызмет көрсету

     «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бқлімінің «Қайырымдылық үйі» КММ-сі келесі азаматтарға қызмет көрсетеді:

    1. бірінші және екінші топтағы мүгедектерді;
    2. қарт жасына сәкес өз-өзіне қызмет көрсетуге қиыншылдық көретін азаматтар.

    Өтініш тапсыру үшін келесі құжаттар қажет:

    1. қызмет алушының жазбаша өтініші;
    2. жеке куәліктің көшірмесі;
    3. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
    4. медициналық карта;
    5. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндісінің көшірмесі;
    6. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

    Қызмет тегін көрсетіледі.

    Өтініш беру үшін Кривенко көш, 25, 3 қабат, 322 кабинетке жүгінуің қажет. 

  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастыру арнаулы әлеуметтік қызмет

    «Павлодар облысының мүгедектер мен қарт азаматтарға арналған қарттар үй-интернаты» КММ-сі келесі азаматтарға қызмет көрсетеді:

    1. бірінші және екінші топтағы мүгедектерді;
    2. қарт жасына сәкес өз-өзіне қызмет көрсетуге қиыншылдық көретін азаматтар.

    Өтініш тапсыру үшін келесі құжаттар қажет:

    1. қызмет алушының жазбаша өтініші;
    2. жеке куәліктің көшірмесі;
    3. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
    4. медициналық карта;
    5. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндісінің көшірмесі;
    6. зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

    Қызмет тегін көрсетіледі.

    Өтініш беру үшін Кривенко көш, 25, 3 қабат, 322 кабинетке жүгінуің қажет.

 

1. «Павлодар қалалық бейімделу орталығы – нақты мекен жайы жоқтардың баспанасы» КММ

Директордың аты - жөні: Байтлеуов Р.Ш.

Мекенжайы, телефон: Павлодар қаласы, Космонавтов көшесі, 1, тел. 629573

Көрсетілетін қызметтер - Нақты мекенжайы жоқтар үшін әлеуметтік, медициналық және басқа қызмет көрсету

 

2. «Тұрақты баспанасы жоқ балаларымен әйелдерді әлеуметтік – психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» КММ

Директордың аты - жөні: Стрелковская М.В.

Мекенжайы, телефон: Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 20/1, тел.559933, 540303

Көрсетілетін қызметтер - Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, құқықтық, психологиялық, балалары бар әйелдерге медициналық көмек, өмір жолында қиын жағдайға душар болғандарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген стандарт арнаулы әлеуметтік қызмет саласында халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

 

3. «Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғалар үшін Павлодар бейімделу орталығы» ММ

Директордың аты - жөні: Сулейменов С.А.

Мекенжайы, телефон: Павлодар қаласы, Космонавтов көшесі, 1, тел. 336181

Көрсетілетін қызметтер - Халықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету,қаладағы қоғамдық тәртіпті нығайту, бас бостандығынан айырылған тұлғаларды медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және ақылы мен тегін ем беру

 

4. «Мейірімділік үйі» КММ

Директордың аты - жөні: Дюйсенахметов Қ.Ф.

Мекенжайы, телефон: Павлодар қаласы, Осипенко көшесі, 5 үй, тел. 606906, 606816

Көрсетілетін қызметтер - Қарттарға, мүгедектерге, басқа тұлғаларға, толығымен немесе жартылай қозғалу мүмкіндігінен айырылғандарға, тікелей мекемеде қызметті қажет ететін тұлғаларды қарайтын бике ұйымдастырады

 

5. «Павлодар қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Директордың аты - жөні: Сатабаева Ж.К.

Мекенжайы, телефон: Павлодар қаласы, Ак. Шокин көшесі, 29/1, тел. 653483

Көрсетілетін қызметтер - Үйде қызмет көрсету әлеуметтік қызметтің стандартымен бірге арнаулы әлеуметтік қызмет беру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету (8 түрі):

- әлеуметтік-тұрмыстық, (тұрғын ғимаратты жинауға және ұйымдарды жөндеуге, азық түлікті сатып алуға, жууға, тамақты дайындауға жәрдемдесу);

- әлеуметтік-медициналық, (медико - әлеуметтік тексеруін жүргізу, медициналық көмек алуда жәрдемдесу);

- әлеуметтік-психологиялық, (психолог көмегі);

- әлеуметтік-педагогикалық, (физикалық және ойлау қабілетіне байланысты арнаулы оқу бағдарламасы бойынша балалардың білім алуына жәрдемдесу);

- әлеуметтік-еңбек, (кәсібибағдар, кәсібін таңдауға жәрдемдесу);

- әлеуметтік-мәдени, (мерекелерді және қол жетімді шараларды ұйымдастыру);

- әлеуметтік-экономикалық, (тұру мәселесін жақсарту, қажетті жәрдемақыларды, алименттерді алуға жәрдемдесу);

- әлеуметтік-құқықтық (қызмет көрсету және гигиеналық мінез қызметі, іліспе, азық түлікті сатып алу және үйге жеткізу, заттар,  тағам дайындауға көмек, киімдерді жууға көмектесу, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және тұрғын бөлімдерді жинауға жәрдемдесу, үй және коммуналдық қызметке төлеуге жәрдемдесу

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз