Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Жаңалықтар

"Парыз" конкурсы. 2016 жыл

 

 

Кәсіпорындардың(ұйымдардың)

басқарушыларына

 

 

Осы хатпен Сіздің кәсіпорыныңызды, 2008 жылдың 23 қаңтар айынан № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сәйкес өткізілетін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурста қатысуыңызды шақырамыз.

«Өрлеу» жобасы

2016 жылы Павлодар қаласында пилоттық тәртіпте ақшалай көмек көрсету «Өрлеу» жобасы жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін 10 аз қамтылған отбасыны (30 адам) жұмылдыру жоспарлануда.

 «Өрлеу» жобасы бойынша ақшалай көмекті енгізудің мақсаты ынталандыруда жұмыспен қамту белсенді шараларына жәрдемдесуде қатысуға аз қамтылған санаттағы азаматтарды қатыстыру болып табылады.   

Ережелерге сәйкес, ақшалай айлық есептік көрсеткіші орташа 60 пайыздан төмен отбасыларына (адамдарға) ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінен еңбекке жарамды отбасы (адамдар) мүшелеріне, жұмыспен қамту белсенді шараларына жәрдемдесу, отбасы мүшелеріне (адамдарына) әлеуметтік бейімделу қажеттілігімен, еңбекке жарамдыларды қосқанда беріледі. Жобаға қатысудың міндетті жағдайы жұмыспен қамту белсенді шараларына сәйкес отбасы мүшелерінің еңбекке жарамды қатысу болып табылады.

Жасалған әлеуметтік келісім-шарттың шеңберінде, аз қамтылған отбасыларына мемлекеттік көмек бағдарламаның шеңберінде келесі түрлері бойынша көрсетіледі:

-  ақшалай көмекті қамтамасыз ету;

- жұмыспен қамтуға көмектесу (жұмыссыз ретінде есепке қою, кеңестер беру, ұйымның кәсіби бағыттары, кәсіби дайындау, қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарға төленетін, уақытша және тұрақты жұмысқа орналастыру, жұмыссыз азаматтардың өзін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу);

- Жергілікті өкілетті органдардың шешімінің көрсетілімі бойынша, басқа да әлеуметтік көмектер.

Жобаға қатысу сұрақтары бойынша «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ мекен-жайы: Павлодар қ., Кривенко көш., 25, каб. 324, тел. 32-05-78 жүгіну.

2016 жылдың 15 қыркүйектен 15 қазан аралығындағы «Қамқорлық» қайырымдылық айлығына өткізу туралы ақпарат

2016 жылдың 15 қыркүйектен 15 қазан аралығында дәстүр бойынша Бүкіләлемдік қарттар күні мен Мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізілуде. Бүкіләлемдік қарттар күні мен Мүгедектер күнін өткізу мен дайындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Зейнеткерлерге барынша қамқорлық көрсетіп назар аудару мақсатында қала кәсіпорындары мен ұйымдарына ұсыныс хаттар жіберілген болатын. Бекітілген жоспар бойынша қалалық кеңес құрылды. Айлық кезінде жоспарға сәйкес қала мейрамханаларында, асханаларында, дәмханаларында қайырымдылық астарын беру өткізілді, сонымен қатар жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт адамдарға тегін, жеңілдікпен тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдастырылды.

2017 жыл. "Парыз" Конкурсы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсты 2017 жылы өткізуі басталғанын хабарлайды.

Ақпарат

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 1 қаңтар айының «Халықты әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының кейбір құқықтық актілеріне өзгерістер мен қосымша енгізу туралы» Заңының енгізуіне сәйкес, Еңбек және әлеуметтік көмек министрінің ҚР 2017 жылғы 15 наурыз айының атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының және әлеуметтік көмектің жаңа формалар көрсету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімі келесі жұмыс атқарды:

Ардагерлер

Павлодар қаласында 2016 жылдың 26сәуір айыжағдайы бойынша Ұлы Отан соғысының131қатысушылары тұрады.

Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында ардагерлерге 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төлемі жүзеге асатын болады, сонымен қатар 5,0 мың теңге соммасында мерекелік азық-түлік жинақтары берілетін болады.

Сонымен қатар Жеңіс Күніне орай біржолғы қаржылай төлем жүзеге асатын болады:

- Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына льгота және кепілдік бойынша теңестірілген тұлғаларға (өздігінен алынған құрам тұлғалар, блокадтар, концлагерь тұтқындары, соғыстың бейбіт кезеңінде қаза тапқан мүгедектердің жұбайлары, тылда еңбек еткендері үшін марапатталған – 767 адам) – 10 АЕК (21210 теңге) бойынша 16268,0 мың теңге жалпы соммасында;

Жеңіс Күніне арналған мерекелік шараларға шақыру бойынша соғыс қатысушыларының тізімі жасалуда.

Бұдан басқа, мереке қарсаңында сыйлықтар беру мен құттықтау үшін әкімдер, әкім орынбасарлары, облыстық басқарма және қала бөлімдерінің басшыларымен соғыс қатысушыларының, блокадтық Ленинград тұрғындарының, концлагерь тұтқындары, сонымен қатар қазақ тапқан батырлардың жесір әйелдерінің келу Жоспары жасалуда.

2016 жылдың 26 сәуір айына біздің бөлімде Ауғанстанда қаза тапқан 400 ауған-батырлары мен 7 батырлардың ата-аналары тіркеліп, есепте тұр. Ауғанстаннан Кеңес жасақтарын шығару күніне орай берілген санаққа 21210 теңге мөлшерінде 8 632 470 теңге жалпы соммада біржолғы материалдық көмек берілген.

АЭС Чернобыльдық жарылыс нәтижесінде ликвидациясына қатысқан тұлғаларға, біздің бөлімде тіркелген (163 адам), АЭС Чернобыльдық апат Күніне орай 21210 теңге мөлшерінде 3 457 230 теңге жалпы соммада біржолғы материалдық көмек бөлінген.

Тоқсан сайын берілген санат тұлғаларына сауықтырылуға (ЧАЭС, АФГ) 4242 теңге мөлшерінде сомма бөлінеді, сонымен бірге 7700 теңге – коммуналды қызмет жәрдемақысына.

Қарттар күніне орай 80 және бұдан әрі жастан барлық азаматтарға 6151 теңге мөлшерінде (6075 адам) 37 367 325 теңге жалпы соммасында біржолғы төлем берілетін болады 

Ардагерлерімен кездесу

«Мемлекеттік қызметкер күні – 23 маусым» кәсіби мерекесін дайындау және өткізу іс-шараларының Жоспарын жүзеге асыру үшін 2017 жылдың 26 маусым күні сағат 13-00 –де «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мемлекеттік қызметкерлердің қолымен» қайрымдылық акциясы шеңберінде әлеуметтік қорғау ардагерлері Кривенко,25 көшесі, Павлодар қаласы мекен-жайына кездесуге шақырылды.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезіңінде көліктік қамтамасыз ету және қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі ақпарат

Қалалық қажеттілік шеңберінде қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ескірген және жарамсыз автобустарды істен шығаруды есепке алумен), сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі – ЭКСПО-2017) қатысушылар мен келушілерді көлікпен ойдағыдай қамтамасыз ету, халықаралық және өңірлік делегациялар үшін тапсырысты автобустарды ұйымдастыру мақсатында 423 автобус (оның ішінде 270 қалалық, 110 жұмсақ және 43 мектептік) сатып алынды.

Әлеуметтік жобалар бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесін өткізуді бастамышылық етіп отыр.

Іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие. 

Балаларға мереке сыйлау!

IMG 20170607 WA0035

Жыл сайын жаздың бірінші күні – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі байқалады. Барлық жерде әуен, балалардың күлкісі естіледі, сыйлықтар таратылады. Күлкі, ән, ойын-сауық қана емес, бұл күн – қорғайтын балалар үшін, жақсылық жасау мүмкіндігі. Бұл күні, мүмкіндіктері бар көптеген қоғамдық кәсіпорындар өкілдері, балаларға көңіл бөлуге тырысады. Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балалар.

Бесплатная психологическая помощь ОНЛАЙН

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СОЦИАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  совместно с

РГКП "Государственный центр по выплате пенсий Министерства здравоохранения РК" и

Казахстанско-Российским Медицинским Университетом

 

Оказывает бесплатную психологическую помощь в виде консультации родителям, воспитывающих  детей-инвалидов посредством онлайн поддержки.

 

Дүниежүзілік қарттар күні және мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» атты қайырымдылық айлық айы өткізіледі.

Дүниежүзілік қарттар күні және мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» атты қайырымдылық айлық айы өткізіледі.

Ағымдағы 15 қыркүйек айынан 15 қазан айына дейін жыл сайынғы Дүниежүзілік қарттар күні және мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» атты қайырымдылық айлық айы өткізіледі.

Айлық төңірегінде зейнеткерлерге, қарт адамдарға, мүгедектерге қайырымдылық көмек жоспарланған.

Өткізілетін шараға өз үлесін қосам деушілерге, тілеушілерге кәсіпорын мен ұйымдардан ұсыныс берушілерді келесі мекенжай бойынша күтеміз: Павлодар қ., Кривенко көш. 25, 323 каб., тел: 320096, 329718.

Информация о РТ

А.ж. қаңтар - қыркүйек үшін жұмыспен қамтылған – 4244 азамат, соның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 3468, әлеуметтік жұмыс орындарына – 451, жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасқан – 325. Қоғамдық жұмыстарға қатысты – 882 жұмыссыз азамат, кәсіби оқуға жіберілді – 438 адам.

2485 жаңа жұмыс орындары жасалды, соның ішінде сауда шеңберінде – 871, білім – 97, денсаулық сақтау – 17, көлік және байланыс – 233, өнеркәсіп – 152, ауыл шаруашылығы – 44, құрылыс және коммуналды шаруашылық – 541, басқа – 530.

Конституция күні

Конституция күні

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» КММ-де мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге Конституция күніне арналған мәдени іс- шара ұйымдастырылды.

Мұқтаждықтары бар азаматтарға «Фирма ДИЗ-РV» ЖШС қайырымдылық көмек көрсету туралы ақпарат

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы шеңберінде «Фирма ДИЗ-РV» ЖШС директоры М.Ш. Сүлейменовпен азаматша Л. Тасыбаеваға тамақтану азық-түліктері, медикаменттер, гигиеналық жағдайлар (балалар жөргектері) беру түрінде көмек көрсетілген болатын. Азаматша К.Т. Сипановаға кәсіпорын коммуналдық қызметтер бойынша қарыз төлеуде 50,0 мың теңге соммасында материалдық көмек көрсетілді.  2016 жылдың маусым айында Еркегул Тогтох жанұясына ұлының колледждегі оқуының қарызын төлеу үшін 80,0 мың теңге мөлшерінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Назарыңызға!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығы, мүгедектердің жұмыс орындары стандарттары бекітілген.

Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 398/53 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар қалалық мәслихатының шешімінің жобасы

ЖОБА

Павлодар қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ

№_____________

«______»___________2016 жыл
Павлодар қалалық мәслихатының
2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар
қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 398/53
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

«Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі, мемлекеттік қызметкерлердің және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын бөлім қызметшілерінің  бұзу фактілері орын алған  жағдайда   32-37-44 телефонына хабарласуға болады.