Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Халықты жұмыспен қамту

Жұмыссыз азаматтар назарына!   Павлодар қаласының құтқару станциясы жағажай кезекшілерін жұмысқа қабылдайды, еңбек ақысының мөлшері 36688 теңге, жұмыс кестесі 15.00-ден 21.00-ге дейін. Павлодар қ., Павлодар қаласы әкімдігінің  халықты жұмыспен қамту Орталығы, Кривенко,25 к-сі, 108 каб. мекен-жайы бойынша жүгіну.   2017 жылдың қаңтар-маусым айлары ішінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыспен қамту мүшесіне 4570 азамат жүгінді, соның ішінде 2504 – жұмыссыз азамат. Мерзімнің соңына қарай жұмыспен қамту мүшесінде тіркелген жұмыссыздар саны 1607 адам құрады, экономикалық белсенді халық санына жұмыссыздардың үлесі 0,8 % құрады. Жұмыспен қамту шараларымен 2724 азамат қамтылды, соның ішінде 1760 азаматқа жұмыспен қамтуда көмек көрсетілді (тұрақты жұмыс орнына – 1257 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 368 адам, жастар практикасына -135 түлек бағытталды), қоғамдық жұмыстарда 659 жұмыссыз адам қатысты, 305 жұмыссыз кәсіптік оқуға жіберілді. 1607 жаңа жұмыс орын пайда болды, немесе жылдық жоспардан 54,5 % (жоспар – 2945 жұмыс орын). Мерзімнің аяғына қарай жұмыспен қамту мүшесіне жұмыс берушілерден 3193 бос жұмыс орын мен бос қызмет орындары мәлімденді. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша «Павлодар облысының Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жүгіну, тел. 32-05-78, 32-05-70, 32-24-60.   ТЕГІН КӘСІБИ КУРСТАР  «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі 2017 жылдың ақпан айында біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау ақысыз курстарына келесі мамандақтар бойынша қабылдау жүргізеді: - электргазбен дәнекерлеуші (қайта даярлау); - тігуші сәнгер (біліктілігін жоғарлату) Барлық сұрақтар бойынша: Кривенко көш. 25, 324,110 каб. сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, 320578, 329722 телефондары бойынша жүгіне аласыздар. grafik_2017_k.xls   Жастар арасындағы жұмыссыз азаматтары назарына! Павлодар облысының Ішкі Істер Департаментінің Жергілікті полиция қызметіне жаңа қызметкерлерді қабылдау мақсатында 2017 жылдың18 қаңтары күні, сағат 11.00-де Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша жоғарғы, орта білімі бар жастар үшін қызметке алу талаптарын түсіндіру бойынша бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтеді.   «Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-VЗаңының «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚРЗ 14 бабына сәйкес: 14-бап. Жұмыссыздарды тiркеу 1. Осы баптың 5-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш білдірген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды. 2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы оның деректерін тексергеннен кейін жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады. 3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн өткенде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу күні және есепке қою туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы хабардар етеді. 4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс. 5. Жұмыссыз адам ретінде: 1) он алты жасқа толмаған; 2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар; 3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған; 4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған адамдар тіркелмейді. Жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру үшін өтініштер Павлодар қаласы, Кривенко көшесі 25, 110 кабинет мекен жайы бойынша орналасқан «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, анықтамалар үшін тел. 32-97-22, 32-05-78.  2016 жылы жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасу сұрағымен 9530 азамат жүгінді. Жұмыспен қамту органында тіркелген жұмыссыздардың саны 831 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санына жұмыссыздардың қатынасы - 0,4 %. Жұмысқа орналасуда жәрдем 5316 азаматқа көрсетілді, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына – 4427 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 561 адам, жастар тәжірбиесіне – 328 түлек. Жүгінген азаматтардың жқмысөа орналастыру деңгейі 55,8 % құрады. Қоғамдық жұмыстарды 825 жұмыссыз азамат қатысты, 626 жұмыссыз азамат кәсіби даярлау және қайта дарлауғы жіберілді. 2016 жылы Павлодар қаласы бойынша 2909 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды, соның ішінде 2225 – тұрақты, 684 – уақытылы. 2945 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе жоспардан 101,0 % (2242 – тұрақты, 703 - уақытылы). Жұмысберушілермен жұмыспен қамту органдарына 13135 бос жұмыс орындары мен бос қызметтер жіберліді, 2016 жылы 6 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, 145 жұмыс берушілер, 1828 азамат қатысты, 1661 азамат жұмыс қамту шараларымен қамтылды. Жұмыскерлердің босатылуын болдырмауы бойынша шара қолдану үшін және Еңбек Кодексінің нормаларын сақтау үшін Павлодар қаласы әкімдігімен, жұмысберушімен және кәсіби одақпен өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, қызметкерлерді жұмысқа орналастыру және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы қала әгімдігі, жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум жасалып қолдануда. 2016 жылы қала кәсіпорындарымен 1288 жұмыскерлердің босатылуы бойынша мәліметтер берілді, қолданылған шаралардың қорытындысында 155 жұмыскер босатылды. 2016 жылы жұмыспен қамту органына 546 мүгедек жүгінді, жұмыспен қамту шараларымен 527 мүгедек қамтылды немесе 96,5 %, соның ішінде 198 мүгедек бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 40 мүгедек, жастар тәжірбиесіне 13 түлектер, кәсіби оқытуға жіберілді – 18, қоғамдық жұмыстарда 258 мүгедек қатысты.

Қосымша мағлұматтар

Оқылды 1270 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: Ведомствоға қарасты мекемелер »
  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ