Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы                   10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

«Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау» атты көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтің стандартында:

3-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жәрдемақыны тағайындау және тағайындалған жәрдемақы туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал).»;

4-тармақта:

1) тармақшаны келесі редакцияда көрсету:

«1) порталға, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияда тіркеу мезетінен бастап – 7 (жеті) жұмыс күн;»;

5 тармақты келесі редакцияда көрсету:

«5. Көрсетілудегі мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық/қағаз нұсқада.»;

8-тармақты келесі редакциядағы 2) тармақшамен толықтыру:

«2) жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда – порталда тәулік сайын (қызмет тұтынушы жұмыс уақыты біткеннен кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).»;

9-тармақта:

бірінші абзацты келесі редакцияда көрсету:

«9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде мүгедек-баланы асыраушыға жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және келесі құжаттарды ұсынады:

Мемлекеттік корпорацияға:»;

келесі мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтыру:

«порталға:

жәрдемақы тағайындау үшін – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтініш «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Тұрғылықты мекенжайын растайтын құжаттардың, бала (балалардың) туылуы туралы куәліктің мәліметтері немесе 2007 жылғы 13 тамыздан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша туу туралы актілік жазбадан, 2008 жылғы 1 маусымнан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (некені бұзу) туралы куәліктен үзінді, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) орнатуды немесе асырап алуды растайтын, оған қоса, баланың мүгедектігі туралы анықтаманы қызмет алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.».»;


docx«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

docx«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ