Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

2016 жылдың 15 қыркүйектен 15 қазан аралығындағы «Қамқорлық» қайырымдылық айлығына өткізу туралы ақпарат

2016 жылдың 15 қыркүйектен 15 қазан аралығында дәстүр бойынша Бүкіләлемдік қарттар күні мен Мүгедектер күніне арналған «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізілуде. Бүкіләлемдік қарттар күні мен Мүгедектер күнін өткізу мен дайындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Зейнеткерлерге барынша қамқорлық көрсетіп назар аудару мақсатында қала кәсіпорындары мен ұйымдарына ұсыныс хаттар жіберілген болатын. Бекітілген жоспар бойынша қалалық кеңес құрылды. Айлық кезінде жоспарға сәйкес қала мейрамханаларында, асханаларында, дәмханаларында қайырымдылық астарын беру өткізілді, сонымен қатар жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт адамдарға тегін, жеңілдікпен тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдастырылды.

 

Павлодар қаласының волонтерлерімен қарт адамдар мен мүгедектерге көмек көрсетіліп, ардагерлерге тимурлық шығулар ұйымдастырылды.

Қаланың бюджетінен келесі санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсетілді:

- зейнетақы төмен алатын 2339 зейнеткерлерге 2545 теңге мөлшерінде 5953,0 мың теңге;

- 80 жасқа толған және одан асқан зейнетақы төмен алатын 159 зейнеткерлерге 6151 теңге көлемінде 9780,0 мың. теңге соммасында;

- 1, 2 топтағы 5300 мүгедекке 4878 теңге көлемінде 25853,4 мың теңге соммасында;

- кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 140 мүгедек-әйел адамдарға, сонымен қатар жеті жасқа дейін балалары бар толық отбасы мүгедектерге бес айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде 638,0 мың теңге соммасында;

- 18 жасқа толмаған 1155 мүгедек бала 4878 теңге көлемінде 5634,0 мың теңге соммасында көмек көрсетілді;

Қаланың бюджетінен барлығы 8953 азаматқа жалпы соммасы 47220,4 мың теңге соммасында көмек көрсетілді.

Жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпорындарымен Қарттар күні зейнеткерлерге тегін жол жүру ұйымдастырылды.

2016 жылдың 1 қазанында «Салтанат сарайы» мейрамханасында Павлодар қаласы әкімімен мемлекеттік марапаттармен марапатталған, Павлодар қаласының құрметті зейнеткерлерін, еңбек ардагерлерін құттықтауы өтті. Қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, материалдық көмек көрсетіліп, өзіндік ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының әкімімен соғыс және еңбек ардагерлері мен көп балалы отбасының үйлеріне барып құттықтады.

Қаланың 13 жүз жастағы тұрғындарыда назарсыз қалған жоқ, оларға «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан алюминийі» АҚ бірлесіп сыйлық топтамалары ұсынылды.

Дәстүр бойынша Қарт адамдар күніне мектеп және білім беру қызметкерлерін кәсіподақ комитеті ҰОС ардагерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау салтанатты кештері өткізілді.

Қаланың барлық шағын аудандары мен ауылдық округтерінде барынша қарт адамдарды назарға алу мен мейірімге бөлеу жұмыстарымен қамтылуда.

Сол сияқты, «Атриум» ЖШС ӨКФ 2016 жылдың 1 және 2 қазанында «Greenwich» гипемаркетінде және «Рубиком» супермаркеттер желісінде азық-түлік жиынтықтарына 40 пайыз акция жұмыстары өткізілді.

Ағымдағы жылдың 7 қазанында «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамы «ПРЭК» АҚ, «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС бірігіп «Энергетик» демалыс үйінде 1135 зейнеткерге құттықтау кешін өткізді. 

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ 272 зейнеткерге әр қайсысына 2000 теңгеден жалпы соммасы 652,0 мың теңге материалдық көмек көрсетіп құттықтау концертімен қайырымдылық ас берді.

«Алюминий Казахстан» АҚ зауыттың 2500 ардагерлеріне қайырымдылық ас ұйымдастырып, сыйлық топтамаларын ұсынды.

Қарттар күніне орай облыстық мәслихатының депутаты А.А. Терентьев «Стальмонтаж» ЖШС жұмыс атқарып жүрген 29 зейнеткер мен демалыста жүрген 43 зейнеткерге әр қайсысына 5000 теңге де жалпы соммасы 360,0 мың теңгеге көмек көрсетті.

«Үміт үзбеу» қоғамдық қорының директоры Г.Б. Омарова мен «Самал» ОО мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Д. Багненко 2 тптағы мүгедек Е.А. Берманға оқуын төлеу үшін 40,0 теңге мөлшерінде ақшалай көмек көрсетті.

«Үміт үзбеу» қоғамдық қоры 40 жалғыз тұратын зейнеткерлерге азық-түлік жиынтығы түрінде материалдық көмек көрсетілді жәнете 2016 жылдың 19 қазанында «Прогресс» мейрамханасында концерттік бағдарламасымен қайырымдылық ас беру жоспарлануда.

2016 жылдың 11 қазаны жағдайына қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының 13053 азаматына жалпы соммасы 61516,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы шеңберінде зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсету, назар мен аудару жұмыстары жалғасуда.

Tags: Жаңалықтар

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ