Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Нұсқаулық АӘК

memo2 5d7d2

Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) өмір сүру сапасын арттыру, табысы аз адамдардың санын қысқарту, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік дамуға ауысу үшін жағдай жасау мақсатында, 2018 жылғы 1 қаңтар айының атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізу жоспарлануда.

  1. АӘК көрсетудің жаңа үлгісі қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады:

а) кірісіне қарамастан республикалық бюджеттен төленетін кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалы отбасыларға (бұдан әрі-отбасылар) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар (АМЖ);

б) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан тағайындалатын аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар (МБЖ);

в) отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа сипаттағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.

  1. Жаңа сипаттағы АӘК көрсету үшін бірыңғай жүйесі белгіленеді – күн көріс деңгейінен 50%.

Шартсыз ақшалай көмек (ШАК) отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егдежастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.

Шартты ақшалай көмек (ШАҚ) отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде (жұмысқа орналасуға ықпалдасу, мамандығы бойынша кәсіптік оқыту, қажет болған жағдайда  отбасының барлық мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.

Осыған орай АМЖ, МБЖ және АӘК алушы-отбасыларды аула бойынша аралау өткізілген болатын.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ