Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылғы 10 қаңтар
2018 жылғы 10 қаңтарда Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мемлекетте жүзеге асырылатын 10 негізгі тапсырма талқыланды. Әлеуметтік төлемдерді көбейту туралы, базалық және ынтымақтық зейнетақы кәмелетке толған бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуі және халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек тәртібіне көшуі туралы айтылған 7-ші тармаққа ерекше назар аударылған.