Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Әлеуметтік жобалар бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесін өткізуді бастамышылық етіп отыр.

Іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірлік деңгейін көтеру мақсатында әзірленді және ұсынымдық сипатқа ие. 

 

Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін жергілікті атқарушы органдар үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша Комиссия құрылды, онын ішінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да ынталы адамдар қосыла алады.

Үкіметтік емес ұйымдардың конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру комиссиясымен ағымдағы жылдың
1 сәуірден бастап 29 шілдеге дейінгі кезеңде жүргізіледі.

Аталған іс-шараларда қаржыландыру көздеріне қарамастан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қызмет атқарып отырған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары, басқа мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді келесі критериялар бойынша жүргізе алады:

1) жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

2) жобаның уәжді негіздемесі;

3) жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба

шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік

көмекпен және қолдаумен қамтылуы;

4) жобаны презентациялаудың сапасы;

5) 1 жылдан астам мерзімде жүзеге асырылған жобалар;

6) қатысушылардың жас аралықтары шектелмеген;

7) жобалар презентациясы слайд немесе ролик түрінде көрсетілуі мүмкін (роликтің ұзақтығы 4-5 минут және сөз сөйлеу 3 минуттан кем болмауы керек);

8) 2016 жылы республикалық көрмеге қатысқан жобалар қайталап қаралмайды.

Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу критерияларына түзетулер енгізе алады.

Осы көрмеге қатысқысы келетіндердің барлығын шақырамыз! Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының байланыс телефондары 764024, 764011.

Сонымен қатар, өткен жылдардың бейнероликтерін және жобаларын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында көре аласыздар - www.enbek.gov.kz - Басты - Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары

Tags: Жаңалықтар

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ