Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 398/53 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Павлодар қалалық мәслихатының шешімінің жобасы

ЖОБА

Павлодар қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ

№_____________

«______»___________2016 жыл
Павлодар қалалық мәслихатының
2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар
қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 398/53
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы «Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 398/53 шешіміне (2015 жылғы 8 шілдедегі № 1 «Ел Ақпарат» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4545 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

7-тармақтың 12) тармақшасы келесі мазмұнда жазылсын: 12) Халықаралық мамандырылған көрме «Астана ЭКСПО-2017» қатысушыларына әлеуметтік көмек.

8-тармақтың 2) тармақшасында оң төртінші абзацында көрсетілген санат үшін 23АЕК мөлшерінде.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы И. Веретнов

Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

Tags: Жаңалықтар

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ