Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасын туралы

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасын туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11267 тіркелді

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 119) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:


1. осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бұйрықты іске асыру бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына
қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 119) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс істейтін халықтың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мен жұмыс берушінің өзара іс-қимылының тәртібін айқындайды.
2. Профилактикалық медициналық, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде осы қарап-тексерулерге жататын халықты скринингілік қарап-тексеру (бұдан әрі – профилактикалық қарап-тексеру) жүргізудің негізгі мақсаты ауруларды ерте сатыда анықтау, аурулардың туындауына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алу және нығайту болып табылады.
3. Профилактикалық қарап-тексеруден өту үшін жағдай жасау жұмыс беруші мен жұмыскердің денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады.
4. Профилактикалық қарап-тексеру тегін медицналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субьектілері жүргізеді.
5. Профилактикалық қарап-тексеруді амбулаториялық-емханалық көмекті (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) ұсынатын медициналық ұйымдарда алғашқы медициналық-санитариялық буын мамандары жүргізеді: жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер/педиатр, учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер.
6. Профилактикалық қарап-тексеру:
1) медициналық пунктте;
2) фельдшерлік-акушерлік пунктте;
3) дәрігерлік амбулаторияда (Отбасы денсаулығы орталығы);
4) емханада жүргізіледі.
7. Жұмыс істейтін халықты профилактикалық қарап-тексеруді ұйымдастыру МСАК ұйымдарының мынадай жұмыс кезеңдерінің жүзеге асыруын қамтиды:
1) аумақтық учаскеде кәсіпорын тізбесін қалыптастыруды;
2) «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) профилактикалық қарап-тексеруге жататын халықтың нысаналы топтары туралы жұмыс берушіні хабардар ету;
3) МСАК ұйымдарында өту күні, уақыты және жұмыс беруші ұсынған деректер бойынша профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыс істейтін халықтың тізімі көрсетілген кестені белгілеу;
4) жұмыс берушіге профилактикалық қарап-тексеруден өтпеген адамдар туралы ақпаратты жіберу;
5) жұмыс берушіге жүргізілген профилатикалық қарап-тексеруден кейін қосымша терең медициналық қарап-тексеруді, динамикалық бақылауды қажет ететін адамдар туралы ақпаратты жіберу.
8. МСАК ұйымдары профилактикалық қарап-тексеру кезеңіне және одан кейін:
1) жұмыс берушілерді және жұмыскерлерді саламатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың және қауіптің мінез-құлықтық факторларының профилактикасы мәселелері бойынша хабардар ету, консультация беру және оқыту;
2) жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтау және дамыту әлеуеті мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, жұмыс істеушілердің денсаулығын сақтау бойынша үздік өндірістердің, үздік жұмыс берушілердің және т.б. үлгі көрсете білуді;
3) жүргізілген профилактикалық қарап-тексеру нәтижелері бойынша (ағымдағы жылда бір реттен көп емес) аурулардың қауіп факторларының бар болуымен жұмыс істейтін халықтың тобын қалыптастыруды және оны мониторингітеуді;
4) аурулардың қауіп факторларына адамдарды және МСАК деңгейінде саламатты өмір салтын насихаттау алгоритмдеріне сәйкес науқастарды профилактика әдістеріне, саламатты өмірді жүргізу дағдыларына оқытуды;
5) бейіндері бойынша «Денсаулық мектептері», жастар денсаулық орталықтары, егде жастағы адамдардың клубы жұмыстарын ұйымдастыруды;
6) аурулардың созылмалы түрлерімен ауыратын адамдарды диспансерлік есепке алуды және динамикалық бақылауды;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген халыққа психологиялық көмекті және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді.
9. Профилактикалық қарап-тексеру жүргізетін МСАК ұйымдары профилактикалық қарап-тексеру жүргізу сапасына құқықтық жауапкершілікте болады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібі

10. Жұмыс істеуші халықтың профилактикалық қарап-тексеруден өтуі үшін, жұмыскерлердің профилактикалық қарап-тексеруден уақтылы өтуі үшін жағдай жасау мақсатында жұмыс беруші өндірісте жауапты адамды тағайындайды:
11. Жауапты адам:
1) профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлердің тізімін қалыптастырады;
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес жұмыс берушімен профилактикалық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін келісіп, жұмыс істейтін халықтың бекітілу орны бойынша МСАК ұйымдарына жібереді;
3) профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін МСАК ұйымдарымен келіседі;
4) МСАК ұйымдарына және жұмыс істейтін халыққа жұмыс беруші бекіткен профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін мәлімет үшін жеткізеді;
5) жұмыскерлердің қарап-тексеруден өтуіне мониторингті жүзеге асырады;
6) жұмыс берушіге жұмыскерлердің профилактикалық қарап-тексеруден өту қорытындыларын ұсынады.
12. Жұмыс беруші жұмыс істейтін халықтың профилактикалық қарап-тексеруден өтуі үшін жағдай жасау мақсатында:
1) профилактикалық қарап-тексеруге жататын жұмыскерлердің тізімін МСАК ұйымдарымен келіседі;
2) профилактикалық қарап-тексеруден өту кестесін бекітеді;
3) жұмыскерлерге профилактикалық қарап-тексеруден өту уақытына оны жұмыстан босату арқылы профилактикалық қарап-тексеру;
денсаулық үшін қауіп факторлары жөнінде (темекі өнімдерін тұтыну, алкогольді, нашақорлықты шектен тыс тұтыну, көп қозғалмайтын, дұрыс тамақтану және басқа саламатты өмір салтын жүргізу дағдылары жөнінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанынан «денсаулық мектептері» туралы хабардар ету арқылы сауықтыру үшін жағдай жасайды;
4) жұмыс орнында саламатты өмір салтын жүргізуді ынталандыру бойынша іс-шараларды (міндетті өндірістік гимнастика сабақтары, «денені сергіту жаттығулары», тренажер залдарын құру, спорт кешендеріне, абонементтер береді, психологиялық жүктемені түсіру кабинетін ұйымдастырады, таза ауыз суды жеткізу, тамақтануға арналған үй-жай) ұйымдастырады;
5) тұрақты профилактикалық қарап-тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар ету жұмысын тұрақты негізде жүргізеді;
6) жиі ауырмайтын, өндірістің атынан жарыстарға, бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын, өзінің денсаулығының әлеуетін қолдайтын адамдарға көтермелеу шараларын ұсынады;
13. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабына сәйкес Жұмыс берушілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.
14. Халықтың уақтылы профилактикалық қарап-тексеруден өтуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, мемлекеттік медициналық көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау органдары және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторы бақылайды.

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ