Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

lock k

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін

docxТолық нұсқаға тапсырыс беру (Жүктеу)

Қазақстанда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүзеге асырылуда

sshot2 ff85d

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жүзеге асырылады. Аталмыш көмек түрі жан басына шаққан табысы кедейлік шегінен – 11621 теңгеден  (немесе күн көріс деңгейінен 50%) аспайтын азаматтарға тиесілі. Жәрдемақы мөлшері отбасы мүшелерінің  жан басына шаққан табысынан  кедейлік шегінің айырмасы ретінде тағайындалады.

2018 жылдың Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің бұйрығына сәйкес, есеп кезінде республикалық мағынасы бар 28284 теңге мөлшерінде  күнкөріс минимумы қолданылады. Осыған байланысты кедейлік шегі  11621 ден 14142 теңгеге өсті, немесе 2521 теңгеге).

Қазіргі таңда Павлодар қаласында көмекті 1582 азамат (420 отбасы) алады.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға және тағайындау  үшін Павлодар қаласы Ак. Бектұров көшесі 115 Б, тел 21-54-72  мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ жүгіну қажет

Павлодарда әлеуметтік мәртебені өзектендіру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде

sshot 992ce

Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 30 мыңнан астам адамның әлеуметтік мәртебесін өзектендірді. Олардың ішінен шамамен 1,5 мың адам  жұмысқа орналастырылып, кәсіптік оқытуға жіберілді.

Мәртебенің өзектілігі – бұл кепілдендірілген әлеуметтік төлемдердің түсуі және лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету, яғни елдегі экономикаға бейресми жұмыс күшін тарту, осылайша жұмыссыздықты жою болып табылады.

Егер азамат жұмыссыз болған жағдайда - жұмыспен қамту орталығын барып ресми түрде тіркелу қажет. Жұмысшы еңбек келісім шартынсыз жұмыс атқаратын болса - жұмыс берушімен еңбек қатынастарын ресми  түрде ресімдеу қажет, ал жұмыс беруші бас тартқан жағдайда Павлодар облысының еңбек басқармасына жазбаша түрде жүгінуіне болады. Экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін барлық азаматтар (жеке көлік, құрылыс бизнесі, қызмет көрсету, сауда және т.б.) - Павлодар қаласы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасына барып тіркеуге тұру қажет.

Азаматтар өздерінің әлеуметтік мәртебелерін Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығынан анықтай алады. Сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы барлық қажетті  ақпаратты толық білуге болады

Павлодар қаласы жұмыссыз тұрғындарының назарына!

11 125b5

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» кейінгі жұмысқа орналастырумен «Тігінші»  (плоипропиленді қаптаманы тігу, темір ұстасы – сантехник, ұста, техник-құрылысшы, автокөлік жөндеу ұстасы,жиһаз жинақтаушы, мектепке дейінгі білім тәрбиешісі)  мамандықтары бойынша 16 759 теңге шәкіртақы төлей отырып, қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға қабылдау жүргізуде.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жай бойынша жүгініңіз: Ак. Бектұров көш., 115, тел.21-54-85

Мария Ивановна Каденова 100 жасқа толды

IMG 20180808 WA0011 b7e7c

Ұлы отан соғысында қаза болған жауынгердің жесірі, «1941-1945 жылдарда Ұлы отан соғысында белсеңді еңбегі үшін» тыл еңбегі медалимен марапатталған Мария Ивановна Каденова 2018 жылдың 8 тамызында 100 жасқа толды.

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінін өкілдері қала әкімінің сәлемін жолдап және естелік сыйлығын тарту етті. Мерей той иесіне зор денсаулық және өмір жасының ұзақ болғаның тіледі 

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз