Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған Павлодар қалалық бейімдеу орталығы
Павлодар қаласында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған Павлодар қалалық бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі бар.
Мекеме бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарға арнайы әлеуметтік, медициналық әлеуметтік және әлеуметтік заң қызметтерін ұсынады.
2017 жылы орталыққа 140 адам қабылданды. Қабылданғандардың ішінен, орталықта 47 азамат тіркелген, 116 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілген, 23 адам құжаттандырылды, 4 азамат зейнетақы мен жәрдемақыға тіркелді. 84 азаматқа алғашқы медициналық көмек, 10 азаматқа стационарлық медициналық көмек көрсетілді. 2018 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша орталықта 26 азамат тұрады.
Мекеме мына мекен-жайда орналасқан: Павлодар қ. Космонавтов көшесі 1/50, ақпарат телефондары: 623068, 623082.