Сальников Гаврил Алексеевич
2018 жылдың 22 сəуірінде Ұлы Отан соғысының қатысушысы Гаврил Алексеевич Сальниковқа 95 жас толды.
Павлодар қаласы жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері соғыс ардагерін құттықтап барды, қала əкімінің атынан құттықтау хат жəне ескерткіш сыйақы табысталды. Ардагерге зор денсаулық жəне ұзақ өмір тіледі.