Жаңа форматты нысаналы әлеуметтік көмек
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) өмір сүру сапасын жақсарту, кедейлік саның қысқарту, әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік дамуға жағдай жасау мақсатыңда 2018 жылдың қантар айынан жана форматтағы атаулы әлеуметтік көмек еңгізілді.
Жана форматтағы АӘК қолданыстағы үш әлеуметтік төлемдерді қосқаннын есебінен еңгізілді.
а) Арнайы әлеуметтік жәрдемақы (АӘЖ) Табысы ескерілмей республикалық бюджет қаражатының есебінен 4 және одан да көп кәмелет жасқа толмаған балалары отбасыларға ;
б) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы (МБЖ) табысын ескере отырып жергілікті бюджет қаражатының есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға;
в) Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысын ескере отырып жергілікті бюджет қаражатының есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға;
Жана форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге топтастырылады: Шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Жаңа үлгідегі АӘК көрсету үшін бірыңғай критерий белгіленеді – күн көріс деңгейінен 50% (кедейлік шегі 40%- дан 50%- ға дейін ұлғайды ).
Шартсыз ақшалай көмек (ШАҚ) шын мәнінде мұқтаж немесе қыйын өмірлік жағдайда қалған, және өз еркімен шындық себептерімен (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектігі және басқа әлеуметтік осалдық) шыға алмайтындарға.
Шартты ақшалай көмек (ШАК) аз қамтамасыз етілген отбасының ішінде кем дегенде отбасы құрамында бір жұмысқа қабілетті адамы бар отбасын белсендетуге әлеуметтік шарт жасатқан жағдайда және отбасының жұмасқа қабілетті мүшелері жұмысқа жәрдемдесу белсенді шараларына қатысқан (кәсіби даярлауға,әлеуметтік жұмыс орындарға жіберу, жұмысқа орналастыру және т.б.) жағдайда көрсетілетін болады.
Жаңа үлгідегі АӘК құжаттарды Павлодар қаласы Бектуров көшесі 115 мекен жайы бойынша орналасқан Павлодар облысынын «Павлодар қаласы әкімдігінін жұмыспен қамту орталығы» КММ қабылдайды. Байланыс телефоны : 215472, 215480