Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Павлодарда жыл басынан бастап шамамен 200 нәзік жанды бейімдеу орталығының көмегіне жүгінген

IMG 20181025 204838 597 1 7feae

Нәзік жандарды отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінен құтқару орталықтарына қазіргі заманауи қоғамда сұраныс өсуде. Тәжірибе көрсеткендей, отбасындағы зорлық-зомбылық ұлт пен географиялық шекараға бөлінбейді. Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ балалары бар әйелдерді бейімдеу орталығы Павлодар қаласында 15 жыл көлемінде жұмыс істейді. Бұл жерге бүкіл Қазақстаннан және көршілес елдерден келген нәзік жандар орналаса алады, орталық барлық адамдар үшін қол жетімді.

Мекеме директоры Марина Стрелковскаяның айтуынша, аталмыш орталыққа ұқсас мекемелер  республика бойынша жоқ, ай сайын бұл жерде 50-ден астам адам тұрады. Мекеме тек 18 жатын орынға қарастырылғанмен, қазіргі уақытта 35 әйел адам тұрып жатыр, олардың барлығы күніне бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Олар орталықта бір жылға дейін тұра алады.

– Орталықтың басым бағыты - қиын өмірлік жағдайда қалған нәзік жандарға психологиялық көмек көрсету, туындаған әлеуметтік мәселелерді жеңу үшін жағдай жасау және осындай жандарды қоғаммен араласуға мүмкіндік жасау. Орталыққа жүгінген азаматшаларға әр түрлі көмектер көрсетіледі, соның ішінде медициналық, психологиялық, құқықтық, тұрмыстық.

Әсия Жүнісова аталмыш орталықтың көмегіне жүгінгендердің бірі. Ол 23 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Оның үш баласы бар, екеуі ересек, кіші ұлы 10 жаста. – Менің бұл жерге келгеніме  айдай болып қалды. Орталық туралы интернеттен білдім, - дейді Әсия Жүнісова. Ол ұзақ уақыт шыдаған, өйткені отбасын сақтап қалуға тырысты. Әрбір оныншы әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

Бүгінгі күні орталықта психолог, заңгер және әлеуметтік мәселелер бойынша 4 мыңнан астам кеңестер берілді. Тәулік бойы  «Сенім» телефоны жұмыс істейді – 54-36-47. Аталмыш телефон бойынша тұрғындардан 394 өтініш түскен. 73 адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді, соның ішінде 28-і тұрақты, 7-і уақытша маусымдық, 13-і қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 3 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы оқытудан өтті

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз