Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Хабарландыру

lock k

«Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» (Бектуров көш., 115, жұм.тел.: 653479, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) директорының лауазымдық бос орынына «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ конкурс жариялайды.

Лауазымдық еңбекақысы 82468 теңгеден 159981 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді. Халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жүгінген адамдарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, уақытша Жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді. Жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды.

Әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды. Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) білімі және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе қызметтің басқа салаларындағы басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңын, Қазақстан Республикасының  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңын, Қазақстан Республикасының  «Халықтың көші-қоны туралы» заңын, Қазақстан Республикасының  «Лицензиялау туралы» заңын, Қазақстан Республикасының  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс – қимыл туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңын,      Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңын, ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін, шаруашылық инфрақұрылымын,    демографиялық ахуалын, өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін,

өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін, еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды және олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу тәртібін, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды, салық заңнаманың негіздерін, еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін, экономика негіздерін, өрт қауiпсiздiгi мен өндірістік санитария, қауіпсіздік техникаларын, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін.

    

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия біліктілік бағалауды жүргізеді және құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушы тұлғаны қабылдау туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қабылданған қатысушылардың тізім бекітілгеннен соң үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күні, уақыты мен орны туралы немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурс Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары № 360 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар:

- қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпараттар құралдырында конкурс өткізу туралы хабарлау күнінен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды: Кривенко көшесі, 25, 311 кабинетке ұсыну қажет. Тел. 320096.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз