Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

2017-2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша қоныс аудару жағдайында мемлекетпен қандай қолдаулар көрсетіледі

move 1a2db

Ерікті көшудің мемлекеттік қолдауы қамтиды:

  • қоныс аударуға материалды көмек көрсету;
  • тұрғын үйді жалдау және коммуналды қызметтер бойынша шығындарды өтеу;
  • қажет жағдайда техникалық және кәсіби білім беру оқуларға және қысқа мерзімді кәсіби курстарға бағыттау;
  • жаңа тұрғылықты мекенжайда жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем көрсету;

Бағдарлама қатысушыларына және отбасылардың мүшелеріне 35 АЕК мөлшерінде отағасы және отбасының әр мүшесіне (2019 жылы – 88375 теңге адамға) біруақытылы қоныс аударуға материалды көмек көрсетіледі.

Бағдарлама қатысушыларының отбасына, сонымен қатар, жалғыз бастыларға, тұрғын үйді жалдау және коммуналды қызметтер бойынша шығындарды өтеуге материалды көмек – айсайын, келесі мөлешерде он екі ай сайын төленеді:

Қалалық жерге коныс аударғандарға:

  1. 20 АЕК мөлшерінде бір адамға (2019 жылы – 50500 теңге айына);
  2. 25 АЕК мөлшерінде отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін (2019 жылы – 63125 теңге айына);
  3. 30 АЕК мөлшерінде отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда (2019 жылы – 75750 теңге айына);

Өткен жылы Павлодар қаласына 202 адам құрамында 44 отбасы қоныс аударды. Бағдарлама бойынша көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 39,9 млн.теңгені құрады.

Бағдарлама қатысушыларының ерікті көшуі келесі бағыттар бойынша асырылады:

1) Аймақаралық қоныс аудару – жұмыс күші мол облыстан жұмыс күші аз облысқа.

Шығу аймағы болып анықталды: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, және Шымкент қаласы.

2) Облысаралық қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорының және/ немесе жұмысберушілердің есебінен тұрғын үймен қамсыздандыру мүмкіндігі бар болған жағдайда және тұрақты жұмыс орнына орналастыру жағдайында экономикалық әлеуетінің дамуы төмен ауыл-аймақтардан, облыстық (аумақтық) маңызды қалаларға, экономикалық өсу жерлеріне қоныс аудару.

Ерікті аймақаралық қоныс аударуда басымдылықпен қолданады:

1) Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, соның ішінде балалар ауылдарының тәрбиенушілері және балалар үйінің, ата-анасыз қалған балалар және он алты жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты түлектері, сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары – индутрияға!» («Серпін») жоба шеңберіндегі түлектер.

2) орта, техникалық және кәсіби ұйымдарының, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары орнынан кейінгі білім түлектері оқу мекемелерін аяқтаған соң үш жыл арасында;

3) жұмысберуші-заңды тұлғаның жабылуының немесе жұмысберуші-заңды тұлғаның қызметінің тоқтауының, жұмысберушінің экономикалық жағдайының нашарлауына еліктірген, өндірістің және орындалатын жұмыс пен қызметінің көлемінің төмендеуінен жұмысшылардың штаты немесе санының қысқаруының себебімен қысқартылған тұлғалар;

4) 2012 жылдың 28 ақпан айынан №264 «Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру білім бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарына оқуға түсу барысында қабылдау квотасынығ мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен сәйкес квотамен анықталған, 10 пайыз мөлшерінде, қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастары санынан түлектері

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін») жоба қатысушылары және бекітілген квотаның шеңберінде қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастары санынан түлектер,сонымен қатар қай аймақ-мемлекеттен шығу жерінен қарамастан оралмандар ерікті аймақаралық қоныс аударуға қатысады.

Шығу жері аймақтарынан қабылдау аймақтарына ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу таратылмайды:

1) мемлекеттік қызметкерлерге;

2) ҚР МК 01-2005 кәсіп сыныптаушының тоғызыншы тобына қатысты, төменмамандырылған жұмысшылар;

3) ҚР МК 01-2005 кәсіп сыныптаушының бірінші тобына жатқызылатын басшылар.

Бағдарламада қатысу үшін «Павлодар облысы Павлодар қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не келесі мекенжай бойынша жүгіңініз: Павлодар қ., Бектұров көш., 115 Б.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз