Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметтерді үйде білікті көрсетуге арналған әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі болып табылады

Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметтерді үйде білікті көрсетуге арналған әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі болып табылады.

Орталықтың қызметі жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттар және мүгедектердің бірінші және екінші топтарына, медициналық көрсетулер бойынша  бөгде күтімде мұқтаж, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жастан жоғары психоневрологиялық патологиясы бар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.

Мекеменің құрылымына 9 бөлім кіреді: 6 бөлім қарттарға және мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету; 2 бөлім 18 жасқа дейінгі ОДА бұзулары  бар балаларға және психоневрологиялық патологиялары бар тұлғаларға , 1 бөлім 18 жастан жоғары психоневрологиялық патологиялары бар тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсеті бөлімі.

Қазіргі уақытта біздің Орталықта 820 астам кызмет алушыларға  қызмет көрсетіліп жатыр. Олардың қатарында 570 жалғыз және жалғыс тұратын қарттар мен мүгедектердің бірінші және екінші топтары, мүмкіндіктері шектеулі 166 бала, 84 - 18 жастан жоғары психоневрологиялық патологиясы бар тұлғалар. Олардан ҰОСҚ – 8 адам, ҰОСҚ жесір әйелдер – 13 адам, тыл еңбекшілері – 197 адам, мүгедектер – 144 адам.

Үйде қызмет көрсетудің негізгі шарттары : қызмет көрсетілетін тұлғаларға дағдылы әлеуметтік ортада қолайлы жағдайлар жасау, гигиеналық талаптарға сәйкес  өмір сүруге жағдайларын сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік қызметтерді көрсету.

         Әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері:

  1. әлеуметтік-тұрмыстық, тұрмыста азаматтардың өмір сүруін қолдауға бағытталған;
  2. әлеуметтік-медициналық, азаматтардың денсаулығын ұстау және жақсартуға бағытталған;
  3. әлеуметтік-психологиялық,клиенттерді өмір сүру ортада бейімделу және психологиялық жағдайын түгетуге бағытталған;
  4. әлеуметтік-педагогикалық, мінез-құлығында ауытқуларын алдын алуға, оң қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған;
  5. әлеуметтік-еңбек;
  6. әлеуметтік-мәдени;
  7. әлеуметтік-экономикалық, өмір деңгейін ұстауға және жақсартуға бағытталған.
  8. әлеуметтік-құқықтық, құқықтық мәртесесін ұстануға немесе өзгертуге, заңи көмек көрсетуге бағытталған;

Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің түрі сияқты маманнан арнайы білімді, іскерлік пен дағдыны қажет етеді, сонымен қатар әлеуметтік көмекті көрсетуді жүзеге асыруға мүмкін болмайтын жеке қасиеттердің болуын талап етеді. Сондықтан орталықтың барлық қызметкерлерде арнайы білім және тиісті дайындықтары бар. Орталықта 143 маман жұмыс жасайды – бұл жұмыста жақсы көрсеткіштері бар, әрдайым кәсіби шеберлігінің деңгейін, нәтижелілігін және халыққа әлеуметтік көмек көрсету сапасын  арттыратын ұйымшыл ұжым.

Қызмет алушылар кезең сайын «Чероноярская жемчужина» және «Ардагер»  емдеу-сауықтыру орындарында демалып, денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндіктері бар. Мүгедек- балалар үшін  мәдени-ойын-сауық мерекелер ұйымдастырылады. Үйде әлеуметтік көмек көрсеті қызметімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтерімен, қалаланың шағын аудандарының тұрғындарымен жұмыс жасау жөніндегі бөлімдерімен, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен, Соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі және де  қаланың басқа әлеуметтік мекемелерімен тығыз байланыс пен серіктестік орнатылды.

         Үйде әлеуметтік қызмет алу үшін кезекке тұруға келесі құжаттар қажет:

  1. Жеке өтініш;
  2. Жеке куәлік;
  3. Мүгедек туралы анықтама;
  4. Медициналвқ карта;
  5. Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан көшірме (мүгедектіктің бар болу жағдайында қарттар үшін );
  6. Он сегіз жастан жоғары тұлғалар үшін –соттың тұлғаны әрекет етуге қабілетсіз деп мойындау туралы шешімнің көшірмесі (бар болған жағдайда)
  7. Қарттар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
  8. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар үшін – Ұлы Отан Соғысының ардагері және мүгедегі және оларға теңестірілгенін растайтын куәліктің көшірмесі.

Бөгде көмекке мұқтаж зейнеткерлек, мүгедектер, балалардың ата-аналары/ қамқоршылары Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ келесі мекенжай бойынша жүгіне алады: Павлодар қ., Ак. Шөкин, 29/1, анықтама телефоны: 670993

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз