Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Бастау Бизнес


Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Павлодар облысының аудандары мен моноқалаларында "Бастау Бизнес" оқыту жобасы іске асырылуда»

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасы "Бастау Бизнес"жобасы бойынша оқуға ниет білдірушілер үшін үшінші лек алуға өтінімдер қабылдайды. Жоба Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өз бетінше жұмыспен айналысушылар болып табылады.

"Бастау-Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған жобаға қатысушылар бір жолғы стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына мынадай құжаттарды: жеке куәліктің көшірмесін, мекенжай анықтамасын және өтінішті ұсына отырып өтініш береді. Тестілеу 2019 жылдың 3 маусымында өтеді. Оқыту 2019 жылдың 6 маусымында басталады.

 

АКП филиалының мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, тел.87182660311 (ішкі 5560)

Өтінімдерді Аймақтық Кәсіпкерлер палатасына мына мекен-жай бойынша қалдыруға болады:  Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама телефоны 66-03-11, ішкі.5554,5560

Tags: Жаңалықтар

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз