Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

 

Бағдарлама туралы 

Нәтижелі жұмыспен қaмтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.  

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.

Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;

жаппай кәсіпкерлікті дамыту;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаның қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады. 

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатусышыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету

Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың түрлі санаттарын, соның ішінде мектеп түлектерін, жұмыссыздарды, жастарды, өзін өзі жұмыспен қамтушыларды және қысқартылған жұмыскерлерді жаппай оқытуды көздейді. Бұл бағыт екі компененттен тұрады:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау (оқыту ұзақтылығы  2,5 жылға дейін);

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (оқыту ұзақтылығы 1 -ден 6 айға дейін).

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін Бағдарлама қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар және халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгендігіне қарамастан жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтушылар және қысқартылған жұмыскерлер болып табылады. 

Бірінші бағыттың қатысушылары, бір реттік ыстық тамақпен (ТжКБ), стипендиямен (16 759 тг), жол жүру ақысымен мен тұруға арналған  материалдық көмекпен  қамтамасыз етіледі.

Материалдық көмек мынадай көлемде көрсетіледі:

1) облыс шегінде, бірақ Бағдарламаға қатысушылар тұрақты тұратын елді мекендерінен тыс орналасқан білім беру ұйымдарында білім алған барлық кезеңде оқу орнына баруға және қайтуға 4 АЕК  мөлшерінде жол жүруге материалдық көмек беріледі;

2) Астана, Алматы қалаларында, Атырау және Маңғыстау облыстарында тұруға ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, қалған облыстарды 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Материалдық көмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай төленеді.

Оқығысы келген үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Бірінші бағыт бойынша қатысу үшін қажетті құжаттар:

қатысуға өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат;

білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан өткенін растаййтын құжаттар (куәлік, сертификат), болған жағдайда;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатын растайтын анықтама (болған жағдайда);

жолдама.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Үміткерлер  тікелей не «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары/ауыл округтарының және елді мекендердің, қалалар мен қалалары құрамындағы аудандардың әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

Кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарынан өткені туралы сертификаттары жоқ мүдделі үміткерлер кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына қатысуға, ал сертификаттары бар үміткерлер  МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ, МҚҰ/ЕДБ жолданады..

Екінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдау түрлері «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»

жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу.

кредиттерв/микрокредиттер ұсыну.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту

Егер сіз жеке бизнесті алғашқы рет ашатын болсаңыз, онда мемлекет сізге көмек ретінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды жүргізеді («Бастау бизнес» жобасы шеңберінде немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде).

Кәсіпкерлік  негіздеріне оқытуға сондай-ақ, бизнес жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу кіреді.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйым тұрақты мекенжайынан тыс орналасқан жағдайда, Бағдарламаның қатысушыларына тұруға және жол жүруге материалдық көмек төленеді. 

Кредитті/микрокредитті беру

Кредит/микрокредит кепілдік негізде ұсынылады және тек ұйым үшін немесе өз ісін кеңейту үшін беріледі. Кредит/микрокредиттер тұтынушылық мақсатта, бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизді өнімді шығаруға берілмейді.   

Кредитті/микрокредитті беру шарттары

Бағдарламаның қатысушыларына кредиттерді/микрокредиттерді беру шарттары:

кредит/микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейін);

кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 000 АЕК дейін;

номиналды сыйқы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Кредитті/микрокредитті алу үшін қажетті құжаттар:   

өтініш;

жеке басын  куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);

бизнес-жоспар;

қызмет көрсетуші банктен шоттың бар болуы туралы анықтамалар;

қаржы ұйымдарынан қарыз берешегі, соның ішінде мерзімі өткен берешегі болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған жағдайда);

қарыз алушының еңбекақысын және/немесе өзге табыстарын растайтын құжат;

бағалау туралы есеп;

кепіл беруші және кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың көшірмелері;

кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткені туралы   (тек жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін).

Үшінші бағыт Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту

Осы бағыт азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруда атаулы көмек көрсетуді күшейтуді, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруды және еңбек нырығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді.   

Осы бағыт бойынша Бағдарлама қатысушыларына мынадай мүмкіндіктер ұсынылады:

деректер қорында бар бос жұмыс орындарға орналастыру;

уақытша жұмыс орындарына орналастыру.

Әлеуметтік жұмыс орындары

Жұмыс орындарын үлестірген кезде осы жұмыс орны 12 айдан көп емес мерзімге барлық қажетті аударымдарды ескере отырып мемлекет тарапынан ішінара субсидиялауды көздейтінін есте сақтаңыз.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Жастар практикасы   

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен төленетін еңбекақысы айына 25 АЕК құрайды 

Қоғамдық жұмыстар

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен олардың өтінімі бойынша қаржыландырылады   

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздар;

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер  және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;

3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар құқылы.

Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар пркатикасына, қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін қажетті құжаттар: 

қатысуға өтініш;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы);

еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);

білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан өткенін растаййтын құжаттар   (куәлік, сертификат), болған жағдайда;

техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары  және жоғарыдан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі  (ЖП үшін);

толық емес жұмыс уақыты не ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы, немесе жұмыстың мәжбүрлі тоқтап қалуы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыс туралы жұмыс берушінің акті (жұмыспен ішінара қамтылған жалданатын қызметкерлер үшін) (ҚЖ үшін);

оқу орнынан каникулда болуы туралы анықтама (ҚЖ үшін).

Жұмысқа орналасуға ниет білдірген үміткерлер тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. 

Еңбек ресуртарының ұтқырлығын арттыру 

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру:

жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері);

бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған жағдайда экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға жүзеге асырылады.

Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын 4 өңірді (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) және 5 қоныс шығу өңірін (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) белгіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау  мынадай субсидиялар беруді қамтиды:

көшу (25 АЕК - бір облыс шегінде көшуге арналған субсидия  немесе 35 АЕК – қоныстану өңірлеріне қоныс аударғандарға);

тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай бойы ай сайын (15-20 АЕК - ауылдық жерлерге қоныс аударушылар үшін  немесе 20-30 АЕК - қалалық жерге қоныс аударғандар үшін).

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған  адамдар тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:

қатысуға өтініш;

Қазақстан Республикасы азаматының оралманның жеке басын куәландыратын  құжаттың көшірмесі;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;

еңбек кітапшасының (болған жағдайда) көшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама;

оралмандар үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №20 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша оралмандарды өңірлік қабылдау квотасына енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы комиссия шешімінің көшірмесі    

келісу нәтижелері

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз