Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Ерікті қоныс аударған кезде мемлекет қандай қолдау көрсетеді?

 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

көшуге материалдық көмек беру;

үйді жалдау және коммуналдық қызметтер үшін төлеу бойынша шығындарды өтеу;

техникалық және кәсіптік біліммен, қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік курстарға оқуға жолдау;

жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелеріне көшуге материалдық көмек беріледі – бір жолғы 35 АЕК мөлшерінде үйдің иесіне және отбасының әр мүшесіне (88375 теңге бір адамға).

Бағдарламаға қатысушының отбасына, соның ішінде жалғыз бастыларға, үйді жалдау және коммуналдық қызметтер үшін төлеу бойынша шығындарды өтеуге материалдық көмек көрсетіледі – ай сайын, он екі ай бойы келесі мөлшерлерде:

қалалық мекенге қоныс аударғандар үшін:

1) бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде (айына 50500 теңге);

2) отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болғанда 25 АЕК мөлшерінде (айына 63125 теңге);

3) отбасы мүшелерінің саны бес және одан артық болғанда 30 АЕК мөлшерінде (айына 75750 теңге). 

Ағымдағы жылы Павлодар қаласына құрамында 52 адам бар 11 отбасы көшіп келді. Бағдарлама бойынша көрсетілген әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 13,8 млн. теңгені құрады.

Бағдарламаға қатысушылардың ерікті қоныс аударуы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аймақаралық қоныс аудару – еңбек күші мол облыстардан еңбек күші жетпейтін облыстарға.

Кететін аймақтар болып анықталғандар: Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы.

2) облыс ішінде қоныс аудару – төмен экономикалық даму әлеуетімен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі болған кезде экономикалық өсу мекендеріне.

Ерікті аймақаралық қоныс аударуда басымдықтарға ие болғандар:

- жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, соның ішінде он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйінің, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарының түлектері, сондай-ақ «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы аясындағы түлектер;

2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім ұйымдарының түлектері оқу мекемесін аяқтағаннан кейін үш жыл бойы;

3) заңды тұлға-жұмыс берушінің жабылуына немесе жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметін тоқтатуына, жұмыскерлер саны немесе штатынының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының төмендеуіне әкелген өндіріс және атқарылатын жұмыс пен қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты бос қалған адамдар;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз көлемінде квотамен белгіленген қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастары қатарынан түлектер.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар қатарынан және белгіленген квота аясында қабылдау аймақтарында оқып жатқан ауыл жастарынан түлектер, сондай-ақ оралмандар кететін аймаққа/мемлекетке қарамастан ерікті аймақаралық қоныс аударуға қатысады.

Кететін аймақтардан қабылдау аймақтарына ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу:

1) мемлекеттік қызметшілерге;

2) МК ҚР 01-2005 машықтар классификаторының тоғызыншы тобына жататын төмен білікті жұмысшыларға;

3) МК ҚР 01-2005 машықтар классификаторының бірінші тобына жататын басшыларға жүргізілмейді.

Бағдарламаға қатысу үшін Павлодар қаласы, Бектуров көшесі, 115 Б мекенжайы бойынша «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталағы» КММ-не жүгіну қажет.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз