Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

Тек мұқтаж азаматтарға ғана

2020 жылдан бастап әлеуметтік көмек негізгі қағидатты ұстана отырып, жаңа тетік бойынша көрсетілетін болады – мемлекет шынымен де оған мұқтаж адамдарға қолдау көрсетеді. Бірінші кезекте балалар, көп балалы және аз қамтылған балалар.

Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі тиіс, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Біз көп балалы аналарды жеке санатқа шығарып, оларға кепілді жәрдемақы береміз, сондықтан көп балалы отбасы аз қамтылған отбасы деген стереотип жойылады.

АӘК берудің басты шарттарының бірі отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс. Тоқсан сайын көмек тағайындау оралады. АӘК мөлшері отбасының барлық мүшелері үшін кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын болады.

Еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптар күшейтіледі жұмысқа орналастырудан бас тартқан жағдайда, АӘК алу құқығын тек өтініш беруші мен отбасының еңбекке жарамды мүшелері ғана емес, АӘК алатын отбасының барлық мүшелері жоғалтады.

Бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толуымен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығы берілсін (қазіргі уақытта адамның 7 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша болуға құқығы бар).

Учаскелік комиссиялар институты күшейтіледі. Жаңа жылдан бастап отбасының материалдық жағдайын тексеру мерзімі үш күннен жеті күнге дейін артады. Бұл әрбір отбасының өмір сүру жағдайымен толығырақ танысуға мүмкіндік береді. Учаскелік комиссияларға атаулы әлеуметтік көмектің қажеттілігін анықтаудың нақты критерийлері берілді. Сондай-ақ,                         заң деңгейінде учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша АӘК беруді қажет етпейтін отбасыларға көмек тағайындаудан бас тарту негіздері бекітілген.

Павлодар қаласы тұрғындары көмектің бұл түрін алу үшін қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш жазады. Аталмыш мекеме Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі 115 мекенжайында орналасқан. 21-54-85 телефоны арқылы қосымша ақпарат алуға болады.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз