Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

ТЖ кезінде МӘСҚ-тен төлем алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұданәрі – МӘСҚ) жаңа әлеуметтік төлем тағайындалатын азаматтардың тізімін кеңейтті және оны тағайындау шарттары жеңілдетілді.

Бірінші. Төлем алушылар шеңбері кеңейтілді.

Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мыңтеңгені (ең төменгі жалақы) құрайтын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұданәрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат,кәсіби медиатор) (бұданәрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұданәрі – БЖТ).

Ендіоларға:

- азаматтық-құқықтық келісім шарттар бойынша кіріс алатын адамдар (бұданәрі - АҚК), мәні жұмыстарды орындау болып табылатын (қызметтеркөрсету),салық агенттеріне міндетті зейнетақы жарналары төленген азаматтар кіреді.

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Екінші. ТЖ байланысты табысты жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсыну қажеттілігі жойылды.

Бұрын әлеуметтік төлемдер туралы өтінішті жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін, ЖК, ЖП және БЖТ төлеушілер – өздері бере алатын. Сонымен бірге, жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің табысын жоғалтуын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек еді.

Енді төтенше жағдай салдарынан кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін:

- жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады;

- ЖК, ЖП, АҚК және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.

Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.

Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.

Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш»сервисі арқылы электрондық формата беріледі.

Үшінші. Төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қажеттіқ атысу мерзімі қысқартылды.

Бұрын төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде соңғы 12 ай ішінде кем дегенде 3 ай қатысу талап етілетін.
Енді, егер қызметкер (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚК үшін –БЖЗҚ-ғажарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасаған болса, әлеуметтік төлемдер тағайындауға жеткілікті.

МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұл автоматы түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекетті ккорпорациясы» КЕАҚ тексереді.

Төртінші. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7-ден 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Кеңес алу бойынша 215471 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз немесе @cz-paviodar жазуыңызды сұраймыз.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз