Қазақстан Президентінің жолдауы
Қазақстан Президентінің жолдауы
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
100 нақты қадам – ұлт жоспары
100 нақты қадам – ұлт жоспары
«Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан-2050» стратегиясы

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ (Космонавтов көш., 1/50, жұм.тел.: 623068, электрондық пошта: gu.pavlodarsentr@mail.ru) директорының лауазымдық бос орынына «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік

lock k

«Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ (Космонавтов көш., 1/50, жұм.тел.: 623068, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) директорының лауазымдық бос орынына «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ конкурс жариялайды.

Лауазымдық еңбекақысы 82468 теңгеден 159981 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру Орталығының (бұдан әрі – Орталық) қызметін басқаруды жүзеге асырады. Әлеуметтік бейімдеуге мұқтаж адамдарды (бұдан әрі – контингент) есепке алу жұмысын ұйымдастырады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға бейімдеу мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Қызмет көрсетілетін контингенттің құжаттарын қалпына келтіру, жұмысқа орналастыру және уақытша және тұрғылықты жер іздеу шараларын қабылдайды және жәрдемдеседі. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органмен келісім бойынша Орталықтың жұмыс режимін белгілейді. Орталықты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың біліктілігін арттыру, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды. Жұмыскерлермен еңбек шартын жасайды және бұзады. Еңбек кестесін және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Жұмыскерлерді еңбекке ынталандыруды, олардың бастамалары мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақталуын және Орталық қызмет көрсететін адамдар арасында бөлуді қамтамасыз етеді. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын және шаруашылық шарттарының жасалуын және орындалуын бақылайды. Орталықтың мүдделерін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қорғайды және білдіреді. Банкте Орталықтың ағымдағы шотын ашады. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.Қажетті есеп беруді және статистикалық мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтілі әлеуметтік қорғау саласында кемінде 3 жыл немесе ұйымның бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымдарында кемінде 5 жыл.

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан РеспубликасыныңКодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстықкодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарукодексін, Қазақстан Республикасының Еңбеккодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы» заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңын, Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңын, Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс – қимыл туралы" заңын, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын, әлеуметтік жұмыс, психология, социология, профпатология, кәсіптік бағдарлау негіздерін, түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін, Орталықтың бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, еңбек терапиясы мен жұмыспен қамту терапиясының әдіснамасын, әлеуметтік бейімдеу жөніндегі отандық және шетелдік тәжірибені, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды, ұйым персоналын басқару теориясы мен практикасын, экономика, есепке алу және қаржылық талдау негіздерін, салық заңнаманың негіздерін, еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін, экономика негіздерін, өрт қауiпсiздiгi мен өндірістік санитария, қауіпсіздік техникаларын, еңбек қорғау нормалары мен ережелерін.

 

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия біліктілік бағалауды жүргізеді және құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушы тұлғаны қабылдау туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қабылданған қатысушылардың тізім бекітілгеннен соң үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күні, уақыты мен орны туралы немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурс Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары № 360 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар:

- қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

- лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралықұжаттардың көшірмелері;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

- «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпараттар құралдырында конкурс өткізу туралы хабарлау күнінен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды: Кривенко көшесі, 25, 327 кабинетке ұсыну қажет. Тел. 320879.

  • Акорда
  • Назарбаев Центр
  • НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
  • Коррупция
  • Электронная биржа труда-каз
  • PavlodarNews
  • Казтест
  • Управление образования Павлодарской области
  • МЮРК
  • Книга Павлодарская область: Страницы новейшей истории 1991-2012
  • Премия Президента Республики Казахстан
  • Мобильное правительство
  • SUD_k
  • 25
  • Адлет.кз
  • фмс-каз
  • 100 шагов
  • 100-esim-el
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МИНИСТРЛІГІ
  • Послание президента РК - каз